
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Табиғат ресурстары. Дүниежүзілік шаруашылық
Көмір – отын түрлерінің ішінде ең қоры мол қазба. Көмірдің жалпы қоры әлем бойынша 9-11 трлн т құрайды. Дүниежүзі бойынша көмірді сыртқа шығарудан Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия алдыңғы орындарда.
Қоңыр көмір ашық әдіспен өндірілетіндіктен, арзан электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Қоңыр көмір қорының басым бөлігі АҚШ, ГФР, Аустралия сияқты дамыған елдерде шоғырланған.
Жер шары бойынша кейбір елдерде жер тапшылығы айқын байқалады. Жапония мен Нидерланды теңіздің таяз бөлігін құрғатып, оны ауыл шаруашылығына жарамды жерге айналдыруда. Сондықтан Жапония мен Нидерландыны "теңізге шабуылдаушы" елдер деп атайды.
Дүниежүзінде екі орманды белдеу бар, олар: солтүстік және оңтүстік орман белдеулері. Солтүстік орман белдеуі қоңыржай мен субтропиктік климаттық белдеулерде орналасқан (АҚШ, Канада, Финляндия, Швеция), оңтүстік орман белдеуі экваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан (Латын Америкасы, Африка, Азия). Солтүстік жарты шардың орман белдеуіне жататын Швеция, Финляндия, АҚШ, Канада ағаш өндіруден алдыңғы орындарда. Бұл аймақта негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі.
Мұхит байлықтарының адам баласы үшін маңызды қор. Ғалымдардың болжамы бойынша мұхит байлықтары 20 млрд адамды асырауға жетеді. Адам пайдаланатын мұхит байлықтарының 85%-ын балықтар құрайды.
Мұнай XX ғасырда көмірді алмастырған маңызды стратегиялық ресурс. Мұнай жер шары бойынша негізінен Парсы шығанағы, Кариб теңізі (Венесуэла шығанағы), Мексика шығанағы қайраңдарынан өндіріледі. Бүгінгі күнде жер бетінде мұнайдың 20%-ы теңіз түбінен өндіріледі.
Әрбір елдің белгілі бір тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамыған ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы дүниежүзілік шаруашылық деп аталады. Белгілі бір өнеркәсіп салалары (таскөмір, болат, электр энергетикасы, машина жасау) дамып, өркендеуі нәтижесінде XIX соңы мен XX басында түбегейлі қалыптасып бітті.
Адамзат тарихындағы ең алғашқы су электр стансылары XIX ғасырдың соңында Германиядағы Неккар өзені мен Ұлыбританиядағы Темза өзендерінде салынған.
Өнеркәсіптік төңкерістер нәтижесінде көлік пен байланыс құралдары жетілдірілді. Соның нәтижесінде 1863 жылы Лондон қаласында алғашқы метро пайдаланылуға берілді.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі – елдердің белгілі бір өнім жасауға немесе белгілі бір қызметтің түрін көрсетуге мамандануы. Мысалы, Жапония автомобиль жасауға, Нидерланды гүл өсіруге халықаралық деңгейде маманданған.
Ғылыми-техникалық революция дегеніміз – дамудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік берген ғылыми-техникалық жаңалықтардың қысқа уақыт аралығында тез таралуы. Ғылыми-техникалық революцияның төрт құрамдас бөлігі бар, олар ғылым мен техника, техника мен технология, өндіріс, басқару.
Кез келген ел экономикасының даму көрсеткіші жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші аралығында айырмашылықтарды жою үшін бірыңғай бірлік ретінде АҚШ доллары қолданылады.
Жалпы ішкі өнім көрсеткішіне қарап кез келген елдің экономикалық даму деңгейіне талдау жасауға болады. Жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай ЖІӨ-нің көрсеткіші бойынша АҚШ жетінші орынға шықты. Мұнда ЖІӨ 44000 $ құрайды. Бұрын Ұлыбритания отары болған Аустралия, ОАР, Израиль, Канаданы "қоныс аударған капитализм" елдері деп атайды.
Кезінде социалистік даму жолында болған Шығыс Еуропа елдері, КСРО құрамындағы елдер, Вьетнам, Куба, Лаос, Моңғолия елдерін өтпелі экономика тән елдер деп атайды.
Дамушы елдердің басым көпшілігі Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінде орналасқан. Дамушы елдердің ішіндегі жетекші елдерге Қытай, Үндістан жатады. Гватемала, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Шри-Ланка сияқты елдерді плантациялық шаруашылықты елдер деп атайды. Бұл елдерде агроклиматтық жағдайлар қолайлы, шетел қаржысының басым, дегенмен халықтың әл-ауқатының төмен.
Мұнай экспорттаушы елдерге Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла жатады. Бұл елдер сонымен ОПЕК-ке мүше елдер.
Маңызды көлік жолдары торабында орналасқан, салық жеңілдігі бар елдерді "жалға пәтер беруші елдер" деп атайды. Бұл елдер тобына Либерия, Мальта, Бахрейн, Кипр, Багам аралдары, Барбадос кіреді.
Жер шарында даму деңгейі жөнінен ең артта қалған 48 ел бар, олар Африка мен Азияда, Мұхит аралдарында орналасқан. Бұл елдерде жан басына шаққандағы табыс өте төмен, шаруашылықтарында аграрлық қатынастар басым дамыған.
Орман ресурстары
Мұхит байлықтары
Көмір алаптары
Мұнай өндіру
-
Сыртқа көмір шығарушы ірі елдер.
-
Қоңыр көмірдің қоры мол елдерді табыңыз.
-
Теңіз жағалаулары есебінен жер қорын ұлғайтушы елдер.
-
Дүниежүзілік орманды белдеулердің саны.
-
Адам ағзасына қажетті теңіз биомассасының 85%-ын ... құрайды.
-
Қайраңдарда орналасқан аса ірі мұнай-газ кен орындары.
-
Ағаш өндіруден алдыңғы орындағы елдер.
-
Дүниежүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.
-
Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасқан уақыты.
-
Ең алғашқы электр станциялары салынған өзендерді табыңыз.
-
Ең алғаш метро пайдаланылуға берілген мемлекет.
-
Жапонияның халықаралық маманданған салалары.
-
Қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегейлі өзгерткен құбылыс.
-
ҒТР-дың құрамдас бөліктері.
-
Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін анықтау үшін қолданылатын бірлік.
-
ЖІӨ-інің көлемі жөнінен жетекші орындағы ел.
-
"Қоныс аударған капитализм" елдері.
-
Өтпелі экономикаға тән елдер.
-
Жетекші дамушы елдер.
-
Жаңа индустриялы елдер.
-
Плантациялық шаруашылықты елдер.
-
Мұнай экспорттаушы елдер.
-
"Жалға пәтер беруші елдер"
-
Даму деңгейі төмен елдердің көпшілігі орналасқан материкті табыңыз.
-
Тарихи-рекреациялық ресурстарға бай мемлекет (-тер)
-
Минералды ресурстары аз мемлекеттер
-
Орман және су энергетика ресурстарына бай мемлекеттер
-
Сарқылатын және қалпына келмейтін ресурс (-тар)
-
Табиғи ресурстар мен өнеркәсіптердің сәйкестігі (-тері)
-
Тарихи-рекреациялық ресурстарға бай мемлекет (-тер)
-
Минералды ресурстары мол мемлекеттер
-
Жер және су ресурстарына бай мемлекеттер
-
Жер ресурстарына бай, дамыған мемлекеттер
-
Сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстар
-
Мемлекеттің қорындағы 2 млрд тонна мұнайдың жылына 200 млн тоннасын пайдаланып отырса, мұнай ресурсын қанша жылға жеткізуге болады?