Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сыну заңдары

Конспект

Жарықтың сыну құбылысы деп бірінші ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулелерінің таралу бағытының өзгеруін айтады. Әртүрлі ортада жарықтың таралу жылдамдығы әртүрлі болғандықтан жарықтың сыну құбылысы байқалады.

 

Жарықтың сыну заңдары:

І. Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты.

\(\frac { sin \ \alpha } { sin \ \gamma } = \frac { v_1 } { v_2 } = const = n_{ 2,1 }\)

ІІ. Түскен сәуле, сынған сәуле және екі орта шекарасындағы түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

 

Салыстырмалы сыну көрсеткіші \((n_{2,1})\) - берілген екі ортаның сипаттамасы болатын физикалық шама. Жарық жылдамдығының бір ортадан екінші ортаға өткенде неше есе өзгеретінін көрсетеді

\(n_{2,1} = \frac{ v_1 }{ v_2 } = \frac{ \lambda_1 }{ \lambda_2 }\)

 

Сынудың абсолют көрсеткіші - берілген ортаның вакууммен салыстырғандағы сыну көрсеткіші \(n=\frac cv,\) с - вакуумдағы жарық жылдамдығы

 

Жарықтың оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өтуін қарастырсақ, сәуленің түсу бұрышы сыну бұрышынан кіші болады. Түсу бұрышы өскен сайын сыну бұрышы артады. Белгілі бір мезетте \(α_{шек}\) түсу бұрышына сәйкес сыну бұрышы \(90^{\circ}\) -қа тең болады Яғни жарық сәулесі екі ортаның шекарасы бойымен кетеді. Мұндай құбылыс толық ішкі шағылу деп аталады.

 

\(n_2\) < \(n_1\)болғанда

Егер

\(\gamma = 90^\circ \Rightarrow \alpha _{шек}\)

 шектік бұрыш

\(\alpha >\alpha_{шек}\)

түсу бұрышында толық ішкі шағылу болады.

\(sin \ \alpha_{шек} = \frac {n_2}{n_1}\)

 

Егер жарық \((n_1=n) \)  белгілі бір ортадан ауаға өтсе, \(n_2=1\)  онда \(sin \ \alpha _{шек} = \frac 1n.\)

 

Жазық параллель пластина

 

Екі жағы параллель мөлдір бетте сәуле өзіне параллель ығысады.

(х-ығысу)

\(H = h\frac{tg\alpha}{sin\beta} - \) беттің тереңдігі

\(h \ – \) сұйықтықтың көрінерлік тереңдігі, \(α \ –\) жарықтықтың түсу бұрышы, \(β \ –\) сыну бұрышы.

Призма

 

Жарық сәулесі призма табанына қарай ауытқиды

Ауытқу бұрышы - призмаға кірген сәуле мен призмадан шыққан сәуле бағыттары арасындағы бұрыш

\(\theta _{min} = (n-1)\varepsilon -\) жұқа призманың формуласы

\(\theta _{max} = \alpha_1 + \frac{\pi}{2}-\varepsilon\) - жарықтың максимум ауытқу шарты.

 

Жарық вакуумнен абсолют сыну көрсеткіші \(n=2\) болатын мөлдір ортаға өткенде толқын ұзындығы



Сұрақтар
  1. Жарық вакуумнан абсолют сыну көрсеткіші \(n=2\) болатын мөлдір ортаға өткенде толқын ұзындығы

  2. Ортаның сыну көрсеткіші – \(1,5\). Осы ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы

    \((c=3\cdot10^8\) м/с\()\)

  3. Егер жарық сәулесі вакуумнан скипидарға \(450\) бұрышпен түсіп, \(300\) бұрышпен сынса, онда жарықтың скипидардағы таралу жылдамдығы

    \((c=3\cdot10^8\) м/с\()\)

  4. Жарықтың абсолют сыну көрсеткіші

  5. Сары сәуленің судағы таралу жылдамдығы – \(225 000\) км/с, ал шыныда – \(198200\) км/с. Шынының сумен салыстырғандағы сыну көрсеткіші

  6. Жиілігі \(9\cdot10^{14}\) Гц жарық аудан суға түссе, оның су ішіндегі толқынның ұзындығы

     \((C=3\cdot10^8)\); \(n_2=1,33 , \ n_1=1\)

  7. Сәуле судан вакуумға өтерде оның толқын ұзындығы \(0,12\) мкм-ге артты. Осы сәуленің вакуумдағы және судағы толқын ұзындығын тап.

    (\(n_{су}\)\(=1,33\), \(n_{ауа}\)\(=1\))

  8. Жарық сәулесі судың бетіне \(40^{\circ}\) бұрыш жасап түсіп тұр. Сыну бұрышы бірінші жағдайдағыдай болуы үшін шынының бетіне сәуле қандай бұрышпен түсуі керек?

     \((n_1= 1,3;\; n_2 = 1,5)\)

                                                                                   

  9. Сәуле судан вакуумға өтерде оның толқын ұзындығы \(0,14\) мкм-ге артты. Осы сәуленің вакуумдағы және судағы толқын ұзындығы

    (\(n_{су}=1,33\), \(n_{ауа}=1\))

Қате туралы хабарландыру