Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Шағылу заңдары

Конспект

Жарықтың шағылуы деп екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру құбылысын айтады. Бұл жағдайда жарық сәулесі шыққан ортасына қайта оралады.

 

Жарықтың шағылу заңдары:

І. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең \(α = β\).

ІІ. Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

 

Жарық айнадағы кескін. Жазық айна деп тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады.

 

  1. Кескін жалған болады (шағылғаннан кейін сәулелер өздері қиылыспайды, олардың созындылары қиылысады)
  2. Кескін мен айнаның арақашықтығы, айнадан денеге дейінгі қашықтыққа тең: \(d= -f \) (жазық айнаның формуласы).
  3. Кескін өлшемі дененің өлшеміне тең.

 

Шағылдыратын беттері қисық болып келетін айналарды қисық айналар дейді.



Сұрақтар
  1. Жарық сәулесінің түсу бұрышын \(200^\circ\)-қа арттырғанда, түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

  2. Адам жазық айнадан \(υ\)  жылдамдықпен қашықтап барады. Ол өз бейнесіне қарағанда қозғалатын жылдамдығы

  3. Егер жарық айнаға \(300\) бұрышпен түссе, айна мен шағылған жарық арасындағы бұрыш

  4. Адам айнадан \(1\) м қашықтықта тұр. Адам мен оның кескінінің арасындағы қашықтық

  5. Түскен сәуле мен жазық айнаның арасындағы бұрыш түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрышқа тең. Түсу бұрышы

Қате туралы хабарландыру