Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Линзалар

Конспект

Линза - екі сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.

Жұқа линза қалыңдығы қисықтық радиусымен салыстырғанда өте аз линза.

 

Жинағыш линза

Шашыратқыш линза

 

 

Бас оптикалық ось \((O_1, O_2) \ ‒ \) линзаның сфералық беттерінің центрлері арқылы өтетін түзу.

 

Қосымша оптикалық остерлинзаның оптикалық центрі арқылы өтетін кезкелген түзу.

 

Оптикалық центр \((O) \ ‒\) бас оптикалық осьпен линзаның қиылысу нүктесі.

 

Фокус \((F) \ ‒\) линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелердің сынғаннан кейін бас остің бойында жиналған нүктесі (жинағыш линза).

 

Жалған фокус \( (F´) \ ‒\) линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелердің сынғаннан кейінгі сәулелерінің созындыларының қиылысу нүктесі (шашыратқыш линза).

 

Линзадан кескін салу

  1. Оптикалық центр арқылы өтетін сәуле сынбайды (бағытын өзгертпей линзадан өтеді).
  2. Бас оптикалық оске параллель түскен сәуле сынғаннан кейін фокус арқылы өтеді (сынғаннан кейін сәулелердің созындылары жалған фокус арқылы өтеді).
  3. Фокус арқылы түскен сәуле, бас оптикалық оске параллель өтеді.

Кескін

- кішірейген

- шын

-төңкерілген

Кескін

- кішірейген

- жалған

- тура (кез-келген жағдайда)

- бірдей

- шын

- төңкерілген

- кішірейген

- жалған

- тура

- үлкейген

- шын

-төңкерілген

- кішірейтілген

- жалған

- тура

Кескін жоқ - кішірейген

- жалған

- тура

- үлкейген

- жалған

- тура

- кішірейген

- жалған

- тура

 

Шашыратқыш линза нәрсенің кез-келген орналасуында кішірейген, жалған, тура кескін береді.

Неғұрлым нәрсе линзаға жақынырақ болса, соғұрлым кескіні үлкенірек болады.

 

Қосымша оптикалық оське параллель жүргізілген жарық сәулелерінің жолы.

 

Шын кескін сынған сәулелер бір нүктеде қиылысқанда пайда болады (экранда).

Жалған кескінсынған сәулелер қиылыспай, олардың созындылары қиылысқан нүктеде алынады (экранда алу мүмкін емес).

Жарық жолының қайтымдылығы: дене мен оның кескінінің орнын ауыстыруға болады.

Жұқа линзаның формуласы

 

Ұқсас үшбұрыштар қасиетінен:

 

\(\left. \begin{matrix} \Delta ABO \sim \Delta A_1B_1O_1:\frac{AB}{A_1B_1}=\frac {OB}{OB_1} \\ \Delta KOF \sim FB_1A_1:\frac{KO}{A_1B_1}=\frac{OF}{FB_1} \end{matrix} \right \} *\\ *\frac {OB}{OB_1}=\frac{OF}{FB_1}\Rightarrow \boxed { \frac df = \frac{F}{f-F} }\)

 

Жинағыш линза:

\(F > 0\)

Шашыратқыш линза:

\(F< 0\)

\(\boxed{ \frac 1F = \frac 1d +\frac 1f }\)

Кескіннің сипатымен қосылғыш-тардың таңбасы анықталады.

 

Линзаның оптикалық күші  \(\boxed { D = \frac 1F[\partial nmp] }\)  Сызықтық үлкейту \(\boxed{ Г = \frac Hh = \frac fd }\)



Сұрақтар
  1. Кескін нәрсеге қарағанда линзадан алыс, үлкейтілген, жалған, тура болып орналасатын жағдай

  2. Линзаның оптикалық күшін анықтау формуласы

  3. Қос дөңес линзаның фокус аралығы – \(40\) см. Заттың шын кескінін \(2\) есе кішірейту үшін заттың линзаға орналастыру қашықтығы

  4. Линзаның оптикалық бас осіне параллель түскен сәуле сынған соң 

  5. Зат кескінін \(5\) есе ұлғайту үшін зертханалық линзадан (\(F = 13\) см) зат пен экранның орналасу арақашықтықтары

  6. Экранда заттың нақты кескіні берілген. Жинағыш линзаның жоғарғы бөлігі жабылса

  7. Заттың натурал кескінін алу үшін оны оптикалық күші \(5\) дптр болатын линзаға орналастыру аралығы

  8. Жинағыш линзаның оптикалық күші \(6\) дптр. Дененің жорамал кескінін линзадан \(25\) см қашықтықта алу үшін дененің линзадан аралығы

  9. Жинағыш линзаның сызықтық ұлғаюы \(\frac 13\)-ге тең болса, дененің линзадан \(d\) қашықтығы (\(F\) – линзаның фокус аралығы)

  10. Жинағыш линза арқылы жарық көзінің кескіні алынды. Егер \(d =0,5\) м, \(f =2\) м болса, онда линзаның фокус аралығы

  11. Жинағыш линза нақты кескін берсе

  12. Жинағыш линза жорамал кескін берсе

  13. Шашыратқыш линза үнемі жорамал кескін берсе

  14. Жинағыш линзаның оптикалық күші \(5\) дптр. Алынған кескіннің биіктігі берілген кескіннің биіктігінен екі есе үлкен болса, берілген кескін линзадан қандай қашықтықта орналасқан?

  15. Кескін шашыратқыш линзадан \(2\) м қашықтықта орналасқан. Егер шашыратқыш пен линзаның фокус аралығы \(50\) см болса, онда алынған кескін линзадан қандай қашықтықта орналасқан және линзаның оптикалық күші қандай?

  16. Жинағыш линзаның түрі (-лері)

  17. Лупаның сыну көрсеткіші \(1,6\) қос дөңес бетті шыныдан жасалған. Егер дөңес беттердің қисықтық радиусы \(12\) см-ге тең болса, онда лупаның үлкейту шамасы қандай болады?

  18. Жинағыш линзаға жататындар

  19. Шашыратқыш линзаға жататындар

  20. Дөңес айнадан \(d= 0,5\) м қашықтықта бір зат орналасқан. Айнадағы кескін заттан \(3\) есе кіші. Айнаның қисықтық радиусы қандай?

  21. Геометриялық оптикаға тән құбылыс

  22. Қисықтық радиусы \(40\) см болатын ойыс айнадан \(2\) есе ұлғайған нақты кескін алу үшін денені қандай қашықтыққа орналастыру керек?

  23. Оптикалық линзаның түрлері

  24. Оптикалық күші \(5\) дптр болатын линзамен заттың кескінін \(5\) есе үлкейту үшін осы затты линзаның алдында қандай қашықтықта орналастыру керек?

Қате туралы хабарландыру