Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Дененің тік төмен және тік жоғары қозғалысы

Конспект

Денелердің еркін түсуі

Бастапқы жылдамдықсыз ортаның кедергісі болмағанда дененің Жерге тартылу салдарынан құлауы еркін түсу деп аталады. Жер бетінің маңында тек ауырлық күші ғана әсер етсе барлық дене тік төмен бағытталған бірдей үдеумен қозғалады, бұл еркін түсу үдеуі деп аталады және \(g=9,8m/c^2\)

 

 

\(h=\frac{gt^2}2-\) дененің құлау биіктігі \(\Rightarrow t =\sqrt {\frac{2h}g}\) - дененің түсу уақыты

\(h=\frac{v_2}{2g}\) - дененің құлау биіктігі, \(h=\frac g2(t_n^2-t_{n-1}^2)\) - дененің n-ші секундтағы құлау биіктігі \(v=gt\) немесе \(v=\sqrt2gh\) - еркін түскен дененің жылдамдығы

 

Тік жоғары лақтырылған дененің қозғалысы

 

\(h=h_0-v_0t-\frac{gt^2}2-\)дененің көтерілу биіктігі, мұндағы һ0 – бастапқы биіктік, \(u_0\) – бастапқы жылдамдық, \(h=\frac{v_0^2}{2g}\) - дененің көтерілу биіктігі

\(v=v_0-gt\)- дененің жылдамдығы. Көтерілудің соңында \(v_0-gt=0\)

\(t_k=\frac{v_0}g-\)дененің көтерілу уақыты \(t=2t_k-\) дененің қозғалыс уақыты

 

Тік төмен лақтырылған дененің қозғалысы

 

\(h_0=v_0t+\frac{gt^2}2\)дененің түсу биіктігі, мұндағы \(h_0\) – бастапқы биіктік, \(u_0\) – бастапқы жылдамдық;

\(v=v_0+gt-\) дененің жылдамдығы \(\Rightarrow t =\sqrt{\frac{2h}{g}}\) дененің түсу уақыты (\(u_0=0\) болғанда).

 

Ескерту

1) Дененің көтерілу уақыты сол биіктіктен дененің түсу уақытына тең: \(t_k=t_\top\).

2) Дене қандай жылдамдықпен лақтырылса, жер бетіне сол жылдамдықпен құлайды.

3) Максимал биіктікте дененің лездік жылдамдығы \(0\)-ге тең, яғни

 

 



Сұрақтар
  1. Тыныштық күйінен құлай бастаған дененің 4,9 м жолды жүріп өтетін уақыты

  2. Доп жерге соғылып, одан кейін 5 м/с жылдамдықпен жоғары көтеріледі. Доптың жерден көтерілу биіктігінің уақытқа байланысты теңдеуі

  3. Дене 80 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлады. Дененің соңғы секундтағы құлау биіктігі (g = 10 м/с²)

  4. Адам 320 метр болатын құздан бір тасты, 3 с-тан кейін екінші тасты құлатты. Екі тас жерге бірдей уақытта жеткен болса, екінші тастың бастапқы жылдамдығы (g = 10 м/с²)

  5. Жерге 180 м биіктіктегі тікұшақтан жүк тасталды. Егер тікұшақ 3 м/с жылдамдықпен түсіп келе жатса, жүктің жерге құлау уақыты (g = 10 м/с²)

  6. 20 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз суға секірген адам 10 м тереңдікке сүңгіп кетті. Оның тоқтағанға дейінгі суда қозғалған уақыты (g = 10 м/с²)

  7. Дене 100 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды. Дененің құлау кезіндегі бірінші және соңғы секундтарда жүрген жолы (g = 10 м/с²)

  8. Доп 18 м/с жылдамдықпен вертикаль лақтырылды. Оның 3 с-тағы орын ауыстыруы

  9. Дене бастапқы жылдамдықсыз 45 м биіктіктен құлайды. Жолдың екінші жартысындағы орташа жылдамдығы (g = 10 м/с²)

  10. Әртүрлі биіктіктен бірдей жылдамдықпен горизонталь бағытта екі дене лақтырылған және \(h_2=4h_1\). Осы денелердің ұшу қашықтығының қатынасы неге тең? \((v_{01}=v_{02}=v)\)

  11. Дене 2 с ішінде салмағы 50 кг болатын жүкті арқанмен 10 м-ге көтерді. Арқанның керілу күші(-тері) (g = 9,8 Н/м²) 

  12. Марс планетасының радиусы 0,53, яғни Жердің радиусындай. Массасы 0,11, яғни Жердің массасындай. Жердің еркін түсу үдеуін пайдаланып Марстағы еркін түсу үдеуін табыңыз. \(G=6,67\cdot 10^{-11}\) \(\frac{Н\cdot м^2}{кг^2}\)

  13. 5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты көтеріліп келе жатқан аэростаттан 100 м биіктікте тас құлайды. Тастың жерге түсу уақыт (g = 10 м/с²)

  14. Қандай да бір биіктіктен вертикаль төмен құлаған дененің бастапқы жылдамдығы – 5 м/с. Бұл дене 5 секундта қанша жол жүреді?

Қате туралы хабарландыру