iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Конденсаторлар
|
Конденсатор ортасының қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерінен аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын өткізгіштер жүйесі. Өткізгіштер модульдары бірдей, әр аттас зарядтармен зарядталады. |
Жазық конденсатор диэлектрик қабатымен бөлінген, параллель орналасқан екі жазық металл пластиналар. |
\(E=\frac q{\varepsilon\varepsilon_0S}\) |
Электр сыйымдылығы \(C \begin{bmatrix} \frac{Кл}В=Ф \end{bmatrix}\) Тәуелді: -өткізгіштің пішініне -өткізгіштің өлшеміне -ортаның (e) -басқа өткізгіштермен қатынасына |
Өткізгіш зарядының (конденсатордың бір астарының) оның потенциалына (екі астарының арасындағы потенциалдар айырымына) қатынасымен анықталады
\(\boxed{C=\frac q{\varphi}}\ \ \ \ \boxed{C=\frac q{\varphi_1-\varphi_2}}\ \ \ \ \boxed{C=\frac qU}\) |
Х.Б.жүйесінде электрсыйымдылық бірлігіне \(1\) фарад алынады. \(1\) Ф – \(1\ Кл\) заряд бергенде, потенциалдар айырымы \(1\) В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылығы. Бұл бірлік өте үлкен: мысалы, Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары \(7\cdot 10^{-4}\ Ф,\)сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады:
\(1мкФ=10^{-6}Ф;1нФ=10^{-9}Ф;1пФ=10^{-12}Ф\)
\(\left. \begin{matrix} \ \ \ \ \ \ \ \ C=\frac qU=\frac q{E\cdot d}\\ E=\frac q{\varepsilon\varepsilon_0 S} \end{matrix} \right\}\) | \(\boxed{C=\frac{\varepsilon\varepsilon_0S}d}\) |
Мұндағы \(C\) - жазық конденсатордың сыйымдылығы, \(\varepsilon\) - диэлектрлік өтімділік, \(\varepsilon_0\) - электр тұрақтысы, \(S\) – конденсатор астарларының ауданы, \(d\) – диэлектриктің қалыңдығы.
Жазық конденсатордың сыйымдылығы конденсатор астарларының ауданына, диэлектрлік өтімділігіне тура пропорционал және диэлектриктің қалыңдығына кері пропорционал.
Зарядталған конденсатор энергиясы \(W\) \([Дж]\) – ол зарядталған конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің энергиясы.
\(W=\frac{q\cdot U}2\) | \(W=\frac{C\cdot U^2}2\) | \(W=\frac{q^2}{2C}\) | \(W=q\cdot\frac E2\cdot d=\frac{qU}2\) |
Мұндағы \(W\) - зарядталған конденсатор энергиясы, \(q\) - конденсатор астарларының заряды, \(C\) - конденсатордың сыйымдылығы, \(U\) - конденсатор астарларының ұштарындағы кернеу.
Көлем бірлігіне келетін өріс энергиясы конденсатор энергиясының тығыздығы деп аталады \(W=\frac{\varepsilon\varepsilon_0E^2}2,\) мұндағы \(E\) – электр өрісінің кернеулігі.
Конденсаторларды жалғау
Параллель | \(U_1=U_2=U\\ q=q_1+q_2\) | Тізбектей | \(U=U_1+U_2\\ q_1=q_2=q\) |
\( \boxed{C=C_1+C_2}\) | \(\frac 1C=\frac 1{C_1}+\frac 1{C_2}\) |
Конденсаторларды параллель жалғағанда жалпы сыйымдылық ең үлкен сыйымдылықтан үлкен болады, ал тізбектей жалғағанда жалпы сыйымдылық ең кіші сыйымдылықтан кіші болады.
-
Конденсатордың сыйымдылығы – \(C=5\cdot10^{-12}\) Ф, потенциалдар айырымы – \(U=500\) B. Конденсатор астарындағы зарядтың шамасы
-
Егер конденсаторға \(3,8\) кВ кернеу берілген болса, онда қалыңдығы \(4\) мм шыны қабатпен бөлінген жазық конденсатор пластиналарындағы зарядтың беттік тығыздығы
\((\varepsilon0=8,85\cdot10^{-12}\) Ф/м, \(\varepsilon=7)\)
-
Кернеу көзіне қосылған конденсатор астарларының арақашықтығын \(2\) есе ұлғайтса, конденсатордың энергиясы
-
Сыйымдылығы \(10\) мкФ конденсаторға \(4\) мкКл заряд берген. Зарядталған конденсатордың энергиясы
-
Сыйымдылығы – \(3\) пФ, заряды \(15\) нКл болатын конденсатордың энергиясы
-
Конденсаторда \(C=1\)мкФ, \(U=2\) кВ деген жазу бар. \(t=10^{-6}\) c ішіндегі конденсатордың қуаты
-
Егер \(C_1=2\) мкФ, \(C_2=4\) мкФ, \(C_3=1\) мкФ, \(C_4=2\) мкФ, \(C_5=6\) мкФ болса, онда суретте көрсетілген конденсатор батареясының электр сыйымдылығын анықта
-
Сыйымдылығы \(60\) мкФ конденсатор астарларының біріншісінен екіншісіне \(0,3\) мкКл заряд тасымалдау үшін \(20\)мДж-ға тең энергия жұмсау керек. Әр астардың заряды
-
Өріс кернеулігі \(10\) МВ/м-ге жеткенде конденсатордың тесілгені байқалатын болса, оған \(3,1\) мкКл заряд беріледі. Жазық конденсатордың ауданы
\((\varepsilon0=8,85\cdot10^{-12}\) Ф/м, \(\varepsilon=1)\)
-
Конденсатор пластиналарының жұмыстық ауданын \(2\) есе азайтып, арақашықтықтарын \(3\) есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы
-
Жазық конденсатор пластиналарының әрқайсысының ауданы – \(200\) см\(^2\), ал олардың арақашықтығы – \(1\) см. Егер өрістің кернеулігі \(500\) кВ/м болса, онда өрістің энергиясы
\((\varepsilon_0=8,85\cdot10^{-12}\) Ф/м, \(\varepsilon=1)\)
-
Сыйымдылығы \(3\) нФ жазық ауа конденсаторы \(100\) В потенциалдар айырмасына дейін зарядталған. Астарының ауданы \(– 10\) см\(^2\). Олардың астары бір-біріне қандай күшпен тартылады?
-
Сыйымдылықтары бірдей \(2\) мкФ екі конденсатор біріне-бірі тізбектей жалғанған. Осы конденсаторлардың батареясын \(100 \) В-ке дейін зарядтау үшін қанша заряд керек болады?
-
Жазық ауа конденсаторының ішіндегі электр өрісінің кернеулігін табу керек. Оның заряды – \(0,5\) мкКл, ал пластиналарының ауданы \(– 500\) см\(^2\).
\(( Ɛ_0= 8,85\cdot10^{-12} \)Кл\(^2\) /H·м\(^2)\)
-
Сыйымдылығы \(200\) пФ болатын конденсатор жасау үшін қалыңдығы \(0,2\) см (\(ε= 2\)) парафинделген қағаздың екі жағына да алюминий фольгадан жасалған дөңгелек желімдеп жапсырылды. Дөңгелектің диаметрі
-
\(2⋅10^{-8}\) Кл заряды бар пластиналардың ауданы – \(10\) дм\(^2\). Пластиналар арасындағы қашықтық – \(0,5\) мм. Жазық конденсаторға диэлектрлік өтімділігі \(6\)-ға тең диэлектрик толтырылған. Конденсатордың сыйымдылығы, электр өрісінің кернеулігі және электр өрісінің энергиясы
-
Парафинделген қағаздан жасаған диэлектригі бар жазық конденсатор пластиналарының арақашықтығы – \(2\) мм, ал пластиналар арасындағы кернеу – \(200\) В. Өріс энергиясының тығыздығы
(\(ε = 2,2\), \(ε_0 = 8,85⋅10^{-12}\) Ф/м)