iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер
Өткізгіштер – электр тогын өткізетін және еркін (бос) зарядтары (электрондар, иондары) бар заттар. Бұларға металдар жатады.
Өткізгіш ішіндегі электрондарға \(F=eE_0\)күш әсер еткендіктен − \(\vec{E}\ '=\vec{E}_0\) тең болғанша қысқа мерзімді ток пайда болады. \(\vec{E}_0\)сыртқы өріс кернеулігі, \(\vec{E}\ '\) зарядтардың қайта бөлініп орналасуы кезінде туатын кернеулік.
|
Диэлектрик - электр тогын өткізбейтін, байланысқан зарядтары бар заттар. Бейтарап атомдардағы электр зарядтары (зарядталған бөлшектер: электрондар мен ядролар) бір-бірімен байланысқан болады да, заттың бүкіл көлемінде, өткізгіштердегі еркін зарядтар сияқты өріс әсерінен орын ауыстыра алмайды.
Полярлы диэлектриктер | Полярсыз диэлектриктер |
Электр өрісінде диполдар Диэлектриктер поляризацияланады. Байланысқан зарядтар |
Күш сызықтардың бойымен бағдарланған дипольдар түзіледі. Диэлектриктер поляризацияланады |
||
|
\((\vec{E}\ '\uparrow\downarrow\vec{E}_0)\) ішкі \((\vec{E}\ ')\) өріс тудырады \((\vec{E}\ '\uparrow\downarrow\vec{E}_0)\) өткізгіш ішінде өріс әлсірейді.
Заттың диэлектрик өтімділігі
\(\varepsilon=\frac{\vec{E}_{вак}}{\vec{E}_{орт}}\) |
\(\vec{E}_{вак}\)-вакуумдегі электр өрісінің кернеулігі \(\vec{E}_{орт}\) диэлектрик ішіндегі электр өрісінің кернеулігі. |
Диэлектрик ішінде электр өрісінің кернеулігі қанша есе азайғанын көрсетеді. |
-
Сұйық диэлектриктегі \(4\) нКл зарядтан \(3\) см қашықтықтағы өрістің кернеулігі \(20\) кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі
\((k=9\cdot10^9\) Н·м\(^2\)/Кл\(^2)\)
-
Радиусы \(3\) см металл шарға \(16\) нКл заряд берілген. Шар бетіндегі зарядтың тығыздығы және шардың центрінен \(2\) см қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігі
-
Егер зарядталған шексіз пластина бетіндегі зарядтың беттік тығыздығы \(354\) нКл/м\(^2\)-қа тең болса, онда пластина өрісінің кернеулігі
\((\varepsilon_0=8,85\cdot10^{-12}\) Ф/м\()\)
-
Екі өткізгіш берілген: біріншісінің заряды екіншісіне қарағанда аз, бірақ потенциалы жоғары. Өткізгіштерді түйістіргенде электр зарядтары қай бағытта жылжиды?