
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8-нұсқа
-
Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль есебінен 300 дж жұмыс атқарылады. Егер тоңазытқыш температурасы 280 К болса, қыздырғыштығ температурасы
-
Бірдей ыдыстардың біреуі сутекпен, ал екіншісі оттекпен толықтырылған. Массалары және температуралары бірдей болған жағдайда, осы газдардың қысымдарының қатынастары \((p_1/p_2)\) \((M(H_2)=2\cdot10^{-3}\: кг/моль,\: M(O_2)=32\cdot10^{-3}\: кг/моль)\)
-
Архимед күшінің формуласы
-
Жарық сәулесінің түсу бұрышы 30°, ал сыну бұрышы 25° болса, шағылу бұрышы, шағылған сәуле мен сынған сәуле арасындағы бұрыш, түскен сәуле мен сынған сәуле арасындағы бұрыш
-
Тербеліс жиілігі 1 МГц, ал электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы \(3\cdot10^8 \:м/с\). Толқын ұзындығы
-
Макродененің күйін сипаттайтын термодинамикалық параметрлер
-
Алматы телемұнарасы көлеңкесінің ұзындығы 430 м болған кезде, бойы 1,75 м адамның көлеңкесінің ұзындығы 2 м болды. Мұнараның биіктігі
-
Қуаты 300 Вт электр үтігінің күйіп кеткен спиралінің \(\frac14\)-ін қысқартқаннан кейін оның қуаты
-
Массасы 0,28 кг азот газы 80 K-ге изобаралық түрде қыздырылды. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі \((M(N_2)=28\cdot10^{-3}\: кг/моль,\: R=8,31\: Дж/К \cdot моль)\)
-
200 Н күш әрекетінен ұзындығы 1,5 м және көлденең қимасының ауданы \(10^{-6}\: м^2\) болатын сым 1,5 мм-ге ұзырған. Болаттың серпімділік модулі
-
Массасы 100 г серіппеге ілінген жүк \(x=0,1cos10t\:(м)\) заңы бойынша тербеледі. Серіппенің қатаңдығы
-
Массасы 1200 кг автомобильдің жылдамдығы \(v=10+0,25t\: (м/с)\) заңы бойынша өзгереді. Автомобильге әрекет ететін қорытқы күштің модулі
-
Шеңбер бойынша бірқалыпты айнымалы қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықтың шамасы бойынша өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама
-
Массасы 3 кг денеге Юпитер планетасы бетінде әрекет ететін ауырлық күші \((g_ю=24\: Н/кг)\)
-
Магнит өрісінің күштік сипаттамасы
-
Индуктивті катушкалары бірдей тербелмелі контурлардың конденсаторларының сыйымдылықтарының айырымы 0,1 мкФ. Бірінші контурдың жиілігі екінші контурдың жиілігінен үш есе артық. Бірінші тербелмелі контурдың конденсаторының сыйымдылығы
-
Қатаңдығы 4 Н/см серіппеге ілінген 0,64 кг жүк тепе-теңдік күйін 1 м/с жылдамдықпен өтетін болса, оның тепе-теңдік күйінен максимал ауытқуы
-
Ампер күшінің бағытын анықтау үшін қолданылатын ереже
-
Сан мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын шама
-
Көкжиекке 45° бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің жылдамдығының OX, OY осіндегі проекциясы \((cos45º=0,7\:sin45º=0,7)\)
-
Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 1 сағатта 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығы
-
Адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 20 с-тан кейін естіген. Разрядтың адамнан қашықтығы (ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с)
-
\(2g\) үдеумен тік жоғары көтерілген зымырандағы массасы 10 кг дененің салмағы \((g=10\:\frac{м}{c^2})\)
-
Ауа температурасы \(17ºC\), шық нүктесі \(5ºC\). Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (Қаныққан су буы тығыздығы \(t=17ºC-де \: \rho=14,5 \: г/м^3;\) \(t=5ºC-де \: \rho=6,8 \: г/м^3)\)
-
Астарларының ара қашықтығы 4 мм болатын, зарядталған конденсатордың өрісінің кернеулігі 2,5 МВ/м болса, астарларының арасындағы кернеу
-
Сәуленің түсу бұрышы 20°C. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш
-
Суретте көрсетілген линзаның оптикалық күші
-
Нүктелік жарық көзінен 0,5 м қашықтықта орналасқан диаметрі 0,1 м жұқа дискіден 1 м қашықтықтағы экрандағы көлеңкенің диаметрі
-
Дене радиусы 2 м болатын шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалады. Шеңбердің \(\frac14\) бөлігін жүргендегі дененің жүріп өткен жолы мен орын ауыстыруы \((\pi=3,14)\)
-
Механиканың «алтын ережесі»