Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

16-нұсқа



Сұрақтар
  1. Иіндері \(l_1\)= 60 см, \(l_2\)= 240 см рычагтың көмегімен массасы m = 240 кг тасты көтеру үшін үлкен иіндікке тусірілген күш (g = 10 H/кг)

  2. Температурасы \(100^\circ C\) қаныққан су буының тығыздығы (\(p_{қан}\) = 100 кПа, R = 8,31 Дж/моль\(\cdot K\), M(\(H_2O\)) =  \(18\cdot 10^{-3}\) кг/моль)

  3. Көлемі 70 \(м^3\) бөлмедегі ауаның температурасы 280 К. Қыздыру кезінде температурасы 296 К-ге жетті. Қалыпты қысымдағы бөлмедегі ауаның ұлғаю жұмысы (p = 100 кПа)

  4. Катодқа түскен жарықтың толқын ұзындығы 210 нм болғанда, тежегіш кернеу 2,7 В болса, электронның шығу жұмысы (h = \(6,63 \cdot 10^{-34}\) \(Дж \cdot c\), c = \(3 \cdot 10^8\) м/с, e \(\approx\) \(1,6 \cdot 10^{-19}\) Кл) 

  5. Массасы 0,2 кг білеушені динамометрдің көмегімен столдың горизонталь бетінде бірқалыпты қозғалтқанда динамометрдің көрсетуі 0,4 Н. Сырғанаудың үйкеліс коэффициенті \((g=10 \) \(м/с^2)\)

  6. Бірқалыпты айналған радиусы 2 м дөғгелектің шетіндегі материялық нүктенің жылдамдығы 2 м/с. Материалық нүктенің үдеуі

  7. Массасы 0,8 кг тыныштықтағы дене 16 Н күштің әрекетінен 54 км/сағ жылдамдыққа ие болады. Осы уақыт ішінде дененің жүрген жолы

  8. Изохоралық процеске сәйкес келетін ауысу

     

     

  9. Суретте металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасы көрсетілген. Өткізгіштің электрлік кедергісі

     

     

  10. Екі дененің қозғалысы мына теңдеумен берілген: \(x_1=5t; x_2=90+2t.\) Олардың кездескен уақыты 

     

  11. Катушка 2 кГц жиілікте 157 Ом индуктивтік кедергіге ие болады. Катушка индуктивтігі 

  12. График бойынша тербеліс амплитудасы 

     

     

     

     

  13. Берілген физикалық шамалар арасындағы векторлық шама

  14. Гидравликалық престің кіші поршеніне 200 Н күш әсер етеді. Егер кіші поршенінің ауданы үлкеніне қарағанда 25 есе кіші болса, үлкен поршеньге әсер ететін күш 

  15. Егер оттегінің қысымы 0,2 МПа, ал молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с-қа тең болса, оттегі молекулаларының концентрациясы \((M(O_2)=32\cdot10^{–3}\) \(кг/моль, N_A=6,02\cdot10^{23}\) \(\frac1{моль})\)

  16. Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен 500 Дж жұмыс атқарылады. Егер тоңазытқыш температурасы 280 К болса, машинаның ПӘК-і мен қыздырғыштың температурасы 

  17. Алыстан көргіш адамның жақсы көру қашықтығы 50 см болса, осы адам қолданатын көзілдіріктің оптикалық күші

  18. Еркін құлаған дененің 1 с-та жүрген жолы мен жылдамдығы \((g=1\)  \(м/с^2)\)

  19. Өткізгіш арқылы 10 мин ішінде 18 Кл заряд өтсе, амперметрдің көрсетуі

  20. U = 10 B кернеуге дейін зарядталған электросыйымдылығы C = 10 мкФ, конденсатордың электр өрісінің энергиясы

  21. Нәрсенің жинағыш линзадан қашықтығы 8 см, линзаның фокус аралығы 10 см. Осы линза беретін кескін

  22. Массасы 10 г оқтың автомат ұңғысынан ұшып шығу жылдамдығы 800 м/с, автомат секундына 50 оқ шығарса, иыққа түсірілетін орташа қысым күші

  23. Сым раманы қиып өтетін магнит ағыны 3 с-та 12 Вб-ден 3 Вб-ге дейін бірқалыпты кемігенде рамада пайда болатын индукциялық ЭҚК-і

  24. Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күш

  25. Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, қатаңдығы 1 кН/м серіппені қолданады. Серіппені 3 см-ге жиырғанда массасы 45 г "снарядтың " горизонталь бағытта ие болатын жылдамдығы

  26. Идеал жылу машинасы Карно циклі бойынша жұмыс істейді. Егер машина бір циклда 1 кДж жұмыс жасап, тоңазытқышқа 4 кДж жылу беретін болса, машинаның ПӘК-і

  27. Нәрсені жинағыш линзаның алдына одан 30 см жерге бас оптикалық осьтің бойына қойғанда, оның шын кескіні 4F қашықтықта алынды. Линзаның оптикалық күші

  28. Идеал газ молекулаларының жылдамдығы 2 есе артып, тығыздығы 2 есе кемісе, газ қысымы

  29. Екі нүктелік зарядтың біреуінің зарядын 3 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші 

  30. Фокус аралығы 12 см-ге тең жинағыш линза шамның үш есе үлкейтілген кескінін береді. Шамнан кескінге дейінгі қашықтық

Қате туралы хабарландыру