
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
-
Кернеулілігі 45 кВ/м тік жоғары бағытталған біртекті электр өрісінде, массасы 0,18 г тығыздығы 1800 \(кг/м^3\) оң зарядталған шар, тыңыздығы 900 \(кг/м^3\) сұйық диэлектрик ішінде тепе-теңдікте тұр. Шардың заряды
-
Ыдыстағы температурасы 273 К газ молекулаларының бей-берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы \((k=1,38\cdot10^{–23}\) \(Дж/К)\)
-
Тыныштық массасы \(m_0\) релятивистік бөлшек 0,6 с жылдамдықпен ұшып келеді. Оның массасы
-
Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың жылуөткізгіштігінің ең төмені
-
Тізбектегі ток күші 0,5 А, кернеу 12 В болса, электр тогының 30 мин ішінде атқарған жұмысы
-
Беріктік қоры 10, диаметрі 3 см болат арқанға ілуге болатын жүктің массасы (Болаттың ьеріктік шегі \(7\cdot10^8\) Па)
-
Горизонталь ағаш тақта бойымен массасы 2 кг ағаш кеспекті қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен бірқалыпты тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3, серіппенің ұзаруы \((g=10\) \(м/с^2)\)
-
Көкжиектен бұрыштық биіктігі 20° күн сәулесін вертикаль төмен бағыттау үшін, жазық айнаны көкжиекпен орналастыру бұрышы
-
Велосипедшінің 20 мин ішінде бірқалыпты 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалғандағы жүрген жолы
-
Дифракциялық тордың 1 мм-не 200 штрих сәйкес келеді. Тордың периоды
-
Бес сағатта масасы 47 г уран – 235 изотопын тұтынатын ПӘК-і 25% АЭС-тің қуаты \((M=235\cdot10^{-3}\) \(кг/моль,N_A=6,02\cdot 10^{23}\) \(моль^{-1}\),уранның бір ядросы ыдырағанда \(32\cdot10^{-12}\) Дж энергия бөлінеді)
-
Фокус аралығы 0,5 м линзаның оптикалық күші
-
Ұзындығы 3 м болатын массасы 12 кг қайықтың бір басында массасы 60 кг адам отыр. Егер адам қайықтың бір басынан екінші басына қарай орын ауыстырса, қайықтың жылжитын арақашықтығы
-
Электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырымы 100 В. Өріс 400 мкДж жұмыс атқарғанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын зарядтың шамасы
-
Қыздырғышының температурасы 800 К, ал ПӘК-і 40% болатын идеал жылу машинасының салқындатқышының температурасы
-
Идеал газдың температурасын өзгертпей тығыздығын екі есе азайтса, онда молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы
-
Төмендегі бөлшектердің ішінде теріс зарядталғаны
-
Қуаты 0,2 кВт көтергіш кран жүкті 0,2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты көтерсе, жүктің массасы \((g=10 \: м/с^2)\)
-
Штерн тәжірибесі дәлелдейтін молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының формуласы
-
Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың орналасу ара қашықтығын
-
Дене мен оның кескінінің арақашықтығы 0,72 м. Жинағыш линзаның ұлғайтуы 5-ке тең. Линзаның фокус аралығы
-
Көкжиекке 30° бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің жылдамдығының OX, OY остеріндегі проекциясы (cos30° ≈ 0,87; sin30° ≈ 0,5)
-
VT координатасында изобаралық процесті кескіндейтін түзудың атауы
-
100 кПа атмосфералық қысымда және 100°C ауа температурасында су буының парциал қысымы 20 кПа-ға тең. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
-
Қыздырғыштың температурасы 127°C, суытқыштың температурасы 27°C. Газдың атқарған жұмысы 300 Дж болса, қыздырғыштан алынған жылу мөлшері
-
Қатты денелердің булануы
-
Тұрақты 80 кПа қысымда идеал газ 640 Дж жұмыс атқарса, газ көлемінің өзгерісі
-
Металл өткізгіш бойымен 320 мкА ток жүреді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр секунд сайын өтетін электрондар саны \((e=1,6\cdot10^{-19}\:Кл)\)
-
Трансформатордың жұмыс істеу принципі негізделген құбылыс
-
X осі бойымен түзусызықты қозғалған массасы 1 кг дененің қозғалыс теңдеуі \(x=7+5t(2+t)\: (м)\) берілген. Дененің алатын үдеуі