Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2-нұсқа



Сұрақтар
  1. Үйкеліс нәтижесінде екі дене модулі бойынша тең, ал таңбалары қарама-қарсы зарядтарға ие болатынын түсіндіретін заң

  2. Диаметрі 4 мм стерженьде 150 МПа механикалық кернеу пайда болу үшін стерженьнің осін бойлай әрекет ететін күштің шамасы

  3. Конденсатор сыйымдылығын 25 есе арттырып, катушканың индуктивтігін 16 есе кемітсеғ тербелмелі контурдың меншікті тербеліс жиілігі

  4. Суретте сутегі газының қысымның температураға тәуелділік графигі көрсетілген. Сутегінің \(1 \: м^3\) көлемдегі массасы \((M(H)_2=2\: г/моль,\: R=8,31 \: \frac{Дж}{К \cdotмоль})\)

     

     

  5. Судағы жарық жылдамдығы \(2,3\cdot10^8\:м/с\). Судың абсолют сыну көрсеткіші \((e=3\cdot10^8 \: м/с)\)

  6. Идеал газдың температурасын өзгертпей тығыздығын екі есе азайтса, онда молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 

  7. Массасы 6 кг идеал газ қысымы 200 кПа, молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с. Оның көлемі

  8. Тербелмелі контур индуктивтігі 4 мкГн катушкадан және сыйымдылығы 100 пФ конденсатордан тұрады. Контурдағы еркін электромагниттік тербелістер периоды

  9. 30 м/с бастапқы жылдамдықпен жердің бетінен вертикаль жоғары лақтырылған дене 6 с-та жерге еркін құласа. Оның жүрген жолы мен орын ауыстыруы \((g=10 \:м/с^2)\)

  10. Тізбектегі кернеу \(u=300cos157t \: (B)\) заң бойынша өзгереді. Кернеудің максимал мәні

  11. 15°C-тағы суды 100°C-қа дейін қыздырғанда оның ішкі энергиясы 178,8 кДж-ге артады, осы судың массасы (c = 4200 Дж/кг · °С)

  12. Стакандағы 150 г су 15 тәулік ішінде толығымен буланып кетті. Судың бетінен 4 с ұшып шыққан молекулалар саны \((N_A=6\cdot10^{23}\: моль^{-1},\: M(H_2O)=18 \: г/моль)\)

  13. Суретте электромагниттің магниттік полюстері көрсетілген, онда тұрақты ток көзінің оң және теріс полюстері

     

     

  14. Суреттегі денеге әсер ететін F күштің жұмысы 

     

     

     

  15. Идеал газдың тұрақты массасының көлемін екі есе арттырып, ал қысымын екі есе азайтса, онда газдың температурасы

  16. Фотоэлементтің вольт-амперлік сипаттамалары көрсетілген. Олардың арасындағы әр секунд сайын катодтан ұшып шығатын фотоэлектрондар саны ең азы

     

     

     

  17. Тербелмелі контур конденсаторының сыйымдылығы 20 мкФ, катушкадағы магнит өрісінің мәні 1 мДж. Конденсатор астарларындағы кернеудің амплитудасы

  18. Тізбектей қосылған екі электролиттік ваннаның біріншісінде 19,5 г мырыш, ал екіншісінде сол уақытта 11,2 г темір бөлінген. Мырыш екі валентті болса, темірдің валенттілігі \((М_м=65,37\cdot10^{-3}\: кг/моль,\: M_т=55,85\cdot10^{-3}\: кг/моль)\)

  19. Массасы 32 т судың температурасын 7°C-қа өзгерту үшін жұмсалған керосиннің массасы (жылу шығыны ескерілмесін, \(q=46\: МДж/кг, \: c= 4200\: Дж/кг\cdot ^\circС\)

  20. Тербелмелі контурдағы ең үлкен заряд шамасы \(q_m\), ал ток күшінің ең үлкен шамасы \(I_m\) болса, тербелмелі контур периоды

  21. Трансформатордың жұмыс істеу принципі негізделген құбылыс

  22. Өзара параллель жалғанған қатаңдықтары 1000 Н/м және 20 Н/cм екі серіппені созғанда 15 Дж жұмыс атқарылса, серпімділік күші 

  23. p-типті жартылай өткізгіштің негізгі электр өткізгіштігі

  24. Протондар мен нейтрондардың арасындағы өзара әрекеттесу күші 

  25. Таралу жылдамдығы 2,4 м/с, тербеліс жиілігі 3 Гц, толқын көзінен 20 см және 80 см арақашықтықтағы нүктелердің фаза айырымы

  26. R = 2 Ом болса, суретте көрстеілген тізбектің жалпы кедергісі

     

     

     

  27. Массасы 2 кг дененің кинетикалық энергиясы 9 Дж. Осы дененің импульсі

  28. Идеал газ күйінің теңдеуі \(pV=\frac m MRT\), мұндағы \(R\)

  29. Толық жұтылған кванттың импульсі \(3\cdot10^{-27}\: Н \cdot с\)  болатын ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығы \((h=6,63\cdot10^{-34}\: Дж\cdot с)\)

  30. Индуктивтігі 0,6 Гн катушкадағы ток күші 20 А. Егер ток күші 2 есе кемитін болса, онда катушкадағы магнит өрісінің энергиясы 

Қате туралы хабарландыру