
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
9-нұсқа
-
Кедергілері \(R_1=5 \: Ом\) және \(R_2=10\: Ом\) екі резистор тізбектей қосылған. Осы резистордағы кернеудің \(\frac {U_1} {U_2}\) қатынасы
-
Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторға 6 мкКл заряд берілген. Конденсатордың энергиясы
-
Қысымы \(2,43\cdot10^5\: Па\) тығыздығы \(2\: кг/м^3\) газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы
-
Метро эскалаторы онда қимылдамай тұрған адамды 60 с ішінде жоғары көтереді. Жылжымай тұрған эскалатор баспалдағымен адам өзі жоғары көтерілуі үшін 3 мин кетеді. Қозғалыстағы эскалатормен қозғалған адамның көтерілуі уақыты
-
Температурасы 20°C көлемі 30 л суық су мен температурасы 60°C көлемі 20 л ыстық суды араластырғанда, қоспаның температурасы
-
Аккумулятор батареясының ЭҚК-і 12 В, тізбектегі ток күші 4 А, ал ұштарындағы кернеу 11 В. Қысқа тұйықталу кезіндегі ток шамасы
-
Массасы 80 кг адамның аяқ киім табандарының ауданы \(50\: см^2\) болса, онда оның Жер бетіне түсіретін қысымы \((g=10\: Н/кг)\)
-
Қалта фонарын ЭҚК-і 4,5 В-қа тең элементтен қоректендіргенде оның шамының қыл сымы арқылы 0,5 А ток өтеді. Шам 1 мин жанып тұрғанда бөгде күштердің атқарған толық жұмысы
-
30 B тұрақты кернеуге қосылған конденсатор 240 мкКл заряд жинаған болса, конденсатордың сыйымдылығы
-
Жарықтың толқындық қасиет(-тері)
-
Қисықтық радиустары R дөңес және ойыс көпірлердің үстімен \(\vartheta\) жылдамдықпен қозғалып бара жатқан автомобильдің салмағы
-
Электролиттік тәсілмен никель алу үшін 1 кг никельге 10 кВт · сағ электр энергиясы жұмсалады. Электролиз жүру үшін қажетті кернеудің шамасы (никельдің электрохимиялық эквиваленті 0,3 мг/Кл, \(1\: вКт\cdot сағ=3,6\cdot10^6\: Дж\) )
-
Көлемі \(0,4\: м^3\) болатын дене суға батырылған. Денеге әсер ететін Архимед күші \((g=10\: Н/кг\:;\:\rho_{су}=1000\:кг/м^3 )\)
-
Өз массасы \(4\cdot10^3\: кг\) болатын, жүгі жоқ автомобиль орнынан \(30\: см/с^2\) үдеумен қозғала алады, ал жүк тиегенде оның үдеуі \(0,2 \: м/с^2\) болды. Екі жағдайдағы автомобильді қозғалтатын теңәрекетті күштер бірдей болса, тиелген жүктің массасы
-
Тербелмелі контур тербелісінің периоды 12,56 мс болғанда конденсатор 2 кОм сыйымдылық кедергіге ие болады. Конденсатордың сыйымдылығы
-
Жазық көпірден өткендегі дене салмағы
-
Тұрақты 600 кПа қысымда идеал газ көлемі \(0,1\: м^3\)-ге ұлғайған. Газдың атқарған жұмысы
-
Математикалық маятник \(x=0,24cos1884\:t\)
қозғалыс заңымен тербеледі. Маятник тербелісінің жиілігі
-
Мұздың, судың және су буының молекулалары
-
Температурасы 20°C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға жұмсалатын жылу мөлшері
\((c=540\: Дж/кг\cdot ^ºC,\: \lambda_ш=1,4\cdot10^5\: Дж/кг, t_б=1150^ºC)\)
-
Импульстің сақталу заңы
-
Жиілігі \(7,5\cdot10^{14}\: Гц\) электромагниттік толқынның ауадағы толқын ұзындығы
\((c=3\cdot10^8\: м/с,\: n_{ауа}=1)\)
-
Дөңгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы \(12\:\pi\: рад/с\) болса, дөңгелектің айналу периоды және жиілігі
-
Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі
-
Бор постулаттарына сәйкес келетіні
-
Математикалық маятниктің ұзындығы 9 есе қысқарғанда оның тербеліс периоды
-
Серіппеге бекітілген дене горизонталь бағытта гармоникалық тербеліс жасауда. Егер үйкелісті ескермесек, жүйенің максимал потенциалдық энергиясы
-
Фотолюминесценция құбылысы үшін Стокс ережесіне сәйкес келетін өрнек
-
Стаканға құйылған массасы 100 г судың бетінен әр секунд сайын \(10^{18}\) молекула буланып шығады. Стакандағы судың буға айналу уақыты
\((M=1\: г/моль, \: M_o=16\: г/моль,N_A=6,02\cdot10^{23}\: моль^{-1})\)
-
Мыстың электрохимиялық эквиваленті 0,33 мг/Кл. Электролиз кезінде 0,66 г мыс бөлініп шығады. Осы кезде электролит арқылы өтетін зарядтың шамасы