Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-нұсқа



Сұрақтар
  1. Көлденең қимасының ауданы \(10\: см^2\) болатын цилиндрлі ыдыстың поршенінің астында су бар. Судың температурасы тұрақты 20°C. Поршенді 15 см-ге жоғары көтергенде буланған судың мөлшері (20°C температурада қаныққан будың тығыздығы \(\rho_қ=17,32\: г/м^3\))

  2. Электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығын анықтайтын формула  

  3. Массасы 20 кг денеге \(15\: см/с^2\) үдеу беретін күш 

  4. Қатаңдық коэффициенті 10000 Н/м болатын серіппені 2 см-ге сығатын күш

  5. Массасы 6 кг идеал газдың қысымы 200 кПа, молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с. Оның көлемі 

  6. Зат мөлшері деп 

  7. Изотермиялық сығылу кезінде 300 Дж жылу мөлшері бөлінді, сонда...

  8. Дене 4 мин-та 60 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі 

  9. Таразыға жартылай су құйылған стакан қойылғанда оның көрсетуі 115 г болды. Егер стакандағы суға қасықты салып стаканға тигізбей қолмен ұстап тұрса, таразының көрсетуі

  10. Х осі бойымен түзусызықты қозғалған массасы 1 кг дененің қозғалыс теңдеуі x = 7 + 5t (2 + t) (м) берілген. Дененің алатын үдеуі

  11. Ұзындығы 600 м горизонталь жолдың бөлігінде 147 кН тарту күшін тудырды. Осы кезде массасы 1000 т поезд жылдамдығы 36 км/сағ-тан 54 км/сағ-қа дейін артады. Поездың қозғалысы тұрақты болса, поезға әрекет ететін кедергі күш

  12. 0°C-де алынған 4 кг мұзды қуаты 1250 Вт болатын пештің көмегімен ерітеді. Пештің ПӘК-і 80% болса, мұзды ерітуге кететін уақыт 

    \((\lambda=3,4\cdot10^5\: Дж/кг)\)

  13. Тербелмелі контур \(\frac1{5\pi}\cdot10^8\: Гц\) резонанстық жиілікті катушкадан және сыйымдылығы С конденстордан тұрады. Резонанс кезіндегі индуктивтілік кедергісі 0,5 кОм-ға тең. Конденсатор сыйымдылығы 

  14. Гармоникалық тербелістердің амплитудасы 50 мм, жиілігі 0,25 Гц. Тербелетін нүктенің максимал жылдамдығы мен максимал үдеуі 

  15. Адиабаталық сығылу кезінде массасы 1 кг аргон \(10^5\: Дж\) жұмыс жасайды. Аргонның соңғы температурасы 347°C болса, бастапқы температурасы 

    \((M=0,04\: кг/моль;\: R=8,31\: Дж/К \cdot моль)\)

  16. Кернеулігі 1,82 мВ/м біртекті электр өрісінде қозғалатын электронның үдеуі \((e=1,6\cdot10^{-19}\: Кл,m_e=9,1\cdot10^{-31}\: кг)\)

  17. Жер бетіне жететін күн сәулесінің қуаты \(4\cdot10^{23}\: кВт\) болса, бір тәулікте Жер алатын энергия 

  18. Егер \(0,01\: м^3\) көлемде \(6\cdot10^{16}\) молекула саны болса, оның концентрациясы

  19. Кернеулігі \(2\cdot10^2\: В/м\) біртекті электр өрісінде орналасқан \(2\cdot10^{-5}\: Кл\) нүктелік зарядқа әсер ететін күш 

  20. Берілген нүкте мен зарядтың арақашықтығын 3 есе арттырса, онда сол нүктедегі электр өріс кернеулігінің модулі

  21. Интерференцияның максимум және минимум шарты (k – бүтін сан)

  22. Желдің тосқауылға түсіретін қысымы 110 Па. Ал, ауданы \(24\: м^2\) үй қабырғасына желдің түсіретін қысым күші 

  23. Қатаңдығы 16 Н/м серіппеге бекітілген массасы 250 г дене горизонталь жазықтықта тербеліс жасайды. Егер тербеліс амплитудасы 2 см болса, тербелістің циклдік жиілігі мен жүйенің энергиясы 

  24. Массасы 4 кг кірпішті 62°C-қа қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері, массасы осындай суды 13°C-қа жылытуға қажетті жылу мөлшеріндей. Кірпіштің жылу сыйымдылығы \((c_{су}=4200\: Дж/кг\cdot ºС)\)

  25. Кернеуі 220 В айнымалы ток желісіне қосылған конденсатордың заряды \(q=44\cdot10^{-4}cos100\pi t\) заңымен өзгереді. Конденсатордың сыйымдылығы 

  26. Қатаңдығы 4 Н/м серіппеге бекітілген жүк тербеліс кезінде тепе-теңдік нүктесінен 1 м/с жылдамдықпен өтеді. Жүктің тепе-теңдік күйден максимал ауытқуы 4 см болса, оның массасы

  27. Бірлік уақыт ішіндегі өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін зарядқа тең физикалық шама 

  28. Негізгі «ля» музыкалық тонның толқын ұзындығы 80 см болса, бұл тонның биіктігі (дыбыстық ауада таралу жылдамдығы 340 м/с)

  29. 5 м биіктіктен құлаған массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы \((g=10\: м/с^2)\)

  30. Суретте көрсетілген тізбектегі өткізгіштердің жалпы кедергісі 

    \((R_1=8\: Ом, \: R_2=4\: Ом,\:R_3=2\:Ом)\)

Қате туралы хабарландыру