
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
21-нұсқа
-
Ток күші 0,5 А болғанда, 10 Кл зарядты тасымалдауға қажет уақыт
-
Мотоцикл аккумуляторының ЭҚК-і 6 В және ішкі кедергісі 0,5 Ом. Аккумуляторға кедергісі 5,5 Ом реостат жалғанған. Реостаттағы ток күші
-
Айналу периодтары бірдей радиустарының қатынастары \(\frac {R_1} {R_2}=3,\) шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын денелердің үдеулерінің қатынасы \(\frac{a_1}{a_2}\)
-
Бір нүктеге түсірілген \(F_1=40\: Н\) және \(F_2\) күштердің арасындағы бұрыш 90°. Егер теңәрекетті күшінің модулі 50 Н болса, \(F_2\) күштің мәні
-
Су бетіндегі толқынның бірінші мен үшінші өркештерінің арасы 16 м болса, толқынның ұзындығы
-
Массасы 5 кг, бастапқы жылдамдығы 20 м/с болатын қозғалыстағы денені тоқтату үшін атқарылатын жұмыс
-
Изохоралық процесс кезінде өзгеріске ұшырайтын шамалар
-
Стержень Жердегі бақылаушымен салыстырғанда 0,8 · c жылдамдықпен қозғалады. Стерженнің Жердегі бақылаушымен байланысты қозғалыс бағытындағы ұзындығының, оның тыныштықтағы ұзындығына қатынасы
-
Жолдың бірінші \(\frac13\) бөлігін 40 м/с, екінші \(\frac13\) бөлігін 50 м/с, үшінші \(\frac13\) бөлігін 60 м/с жылдамдықпен жүріп өтсе барлық жолдағы орташа жылдамдығы
-
Еркін электрондардың концентрациясы \(5\cdot10^{28}\: м^{-3}\), көлденең қимасының ауданы \(5\cdot10^{-6}\: м^2\) өткізгіш арқылы ағып өтетін ток күші 10 А болса, электрондардың реттелген қозғалыс жылдамдығы
-
Идеал жылу двигателі қыздырғыштан 0,6 МДж жылу алып, тоңазытқышқа 0,2 МДж жылу береді. Двигательдің ПӘК-і
-
Ток көзінің қысқа тұйықталуы кезіндегі ток күші
-
Егер жинағыш линзаның сызықтық ұлғайтуы \(\frac13\) болса, онда нәрсенің линзадан орналасу қашықтығы (F – линзаның фокус аралығы)
-
Идеал газды сыққанда сыртқы күштер жұмысы 300 Дж және ортаға бөлінген жылу мөлшері 500 Дж болса, газдың ішкі энергиясының өзгерісі
-
Индукциялық токтың бағытын анықтайтын ереже
-
Идеал газдың абсолют температурасын 3 есе арттырғанда, оның молекулаларының жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы
-
Дене Х осіне параллель 50 Н күш әсерінен \(x=24+10t-t^2\: (м)\) заңымен қозғалады. Алғашқы 5 с ішінде күштің атқаратын жұмысы
-
Жібек жіптерге ілінген зарядталған екі шарларға изоляцияланған таяқшаның көмегімен оң зарядталған шарды жақындатады. Осы кезде шарлардың орналасуы суретте көрсетілгендей өзгерді. Шарлардың бастапқы қалыптары үзік сызықтармен көрсетілген. Бұдан шығатын қорытынды
-
Массасы 10 г жылдамдығы 600 м/с оқ қабырғаны тесіп өткен соң, 200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оқ импульсінің өзгерісі
-
Массасы 65 кг спортшы он метрлік биіктіктен секіріп суға 13 м/с жылдамдықпен енсе, ауаның орташа кедергі күші \((g=10\: \frac м{с^2})\)
-
Иінтірекке 5 Н күш әрекет етеді. Осы күштің иіні 20 см болса, күш моменті
-
Қаныққан будың температурасын өзгертпей көлемін екі есеге арттырса қаныққан бу концентрациясы
-
Температурасы 100°C, ал массасы 3,5 кг су буының конденсациялануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері \((r=23\cdot10^5\:Дж/кг)\)
-
Изотермиялық процесс кезінде идеал газдың көлемі екі есе артса, қысымы
-
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі механикалық жұмыстың бірлігі
-
«Нива» комбайны барабанының диаметрі 600 мм. Барабанның айналу периоды 0,046 c болса, оның шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы
-
Сыйымдылықтары 0,3 мкФ, 0,2 мкФ және 0,12 мкФ конденсаторларды өзара параллель жалғап тұрақты 120 В ток көзіне жалғанғанда, әр конденсатордағы заряд шамасы
-
Массасы 2 кг денеге көлбеулігі \(30^º\) жазықтық бойымен жоғары қарай бағытталған 20 Н күш әсер етеді. Егер дене мен көлбеу жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті \(\frac1{\sqrt3}\)-ке тең болса, дененің үдеуі
\((sin30^º=0,5,\: cos30^º=\frac{\sqrt3}2;\: g=10\: м/с^2)\)
-
1 моль біратомды газ циклі \(pV\) диаграммада көрсетілген. Циклдегі газдың ішкі энергиясының өзгерісі
-
Домбыраның жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Домбырадан ауаға тарайтын дыбыстардың толқын ұзындықтарының диапазоны \((\vartheta=340\: м/с)\)