Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

20-нұсқа



Сұрақтар
  1. Үдеудің анықтамасына сәйкес формула 

  2. Суретте серпімділік күшінің серіппенің созылуына тәуелділік графигі көрсетілген. Серіппеге 180 Н күшпен әрекет еткен кезде серіппе 4 см-ге созылды. Осы кезде серіппеде жинақталған потенциалдық энергия

     

     

  3. Массалары бірдей \(\vartheta\) жылдамдықпен қозғалып келе жатқан дене қарама-қарсы \(\frac\vartheta2\) жылдамдықпен қозғалып келе жатқан денемен серпімді центрлік соқтығысады. Соқтығысқаннан кейінгі бірінші дененің жылдамдығы

     

     

     

  4. Массасы 4 кг температурасы 300 K сутегінің ішкі энергиясы 

    \((M(H_2)=2\: г/моль, \: R=8,31\: Дж/К\cdotмоль)\)

  5. Жылу қозғалтқышына жатпайтыны 

  6. Оттегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с-ке тең болатын температура

     \((R=8,31\: \frac{Дж}{моль\cdot K}M=32\cdot10^{-3}\: кг/моль)\)

  7. Өте төмен температурада металл кедергісінің күрт кеміп, жойылу құбылысы

  8. \(q_1=-4q,\:q_2=+14q\) зарядталған бірдей металл шарларды бір-біріне түйістіріп қайта орнына әкелді. Содан кейін екінші шарды алып заряды \(q_3=3q\) үшінші шармен түйістіріп, ажыратқаннан кейін қайтадан орнына әкеледі, сол кездегі әрбір шардың заряды 

  9. Толқын ұзындығы \((3,8-7,6)\cdot10^{-7}\: м\) 

    аралығында боалтын сәулелер 

  10. Кестеде әрқайсысының массасы 1 кг екі сұйықтардың жылулық сипаттамалары берілген. 100°C қайнау температурасындағы сұйықтықты толығымен буландыруға қажет жылу мөлшері 

     

     

    \(c,\frac{Дж}{кг\cdot ºC}\)

    (меншікті

    жылусыйымдылығы)

    \(\lambda,\frac{кДж}{кг}\)

    (балқу

    жылуы)

    \(r,\frac{кДж}{кг}\)

    (булану

    жылуы)

    \(T_қ,ºC\)

    (қайнау

    температурасы)

    \(T_б, ºC\)

    (балқу

    температурасы)

    I-сұйықтық 4200 335 2260 100 0
    II-сұйықтық 2400 108 853 80 –110

     

  11. Өзара әсерлескен екі дененің арақашықтығын 2 есе арттырғанда, олардың тартылыс күші

  12. Сутек молекуласныың 47°C температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы \((R=8,31\:\frac{Дж}{моль\cdot K},M(H_2)=2\: г/моль)\)

  13. Суретте екі төбесінде +q және –q зарядтар орналасқан тең қабырғалы үшбұрыш берілген. Үшбұрыштың А төбесіндегі өріс кернеулігінің бағыты

     

     

  14. Әрқайсысының көлемі \(1,2\: м^3\) болатын 5 қарағай бөренеден жасалған салдың көтеруші күші 

    \((\rho_{су}=1000\: кг/м^3,\:\rho_{қарағай}=700\: кг/м^3,\: g=10\: м/с^2)\)

  15. Ілінген жүктің салмағынан металл сым белгілі мөлшерде ұзарады. Сымды материалы бірдей, ал ұзындығы да диаметрі де одан 2 есе үлкен сыммен ауыстырса, абсолюттік ұзаруы

  16. Индукция векторы 50 мТл магнит өрісі күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 20 см өткізгіште 5 с-та 60 Кл заряд тасымалданса, өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш

  17. Қатаңдығы  \(4\cdot10^4\: Н/м\) серіппе серпімдік күшінің әсерінен 2 cм-ге ұзарды. Серіппенің потенциалдық энергиясы 

  18. Ауа қысымы тұрақты болса, температурасы –23°C қыстыгүні және температурасы 27°C жаздыкүнгі ауа тығыздықтарының қатынасы

  19. Индукция векторы 5 мТл біртекті магнит өрісінде электрон шеңбер бойымен қозғалады. Электронның айналу периоды 

    \((q_e=1,6\cdot10^{-19}\: Кл;\:m_e=9,1\cdot10^{-31}\:кг)\)

  20. \(240\: В\) кернеумен зарядталған конденсатор \(6\cdot10^{-5}\:Кл\) заряд алатын болса, конденсатор сыйымдылығы 

  21. Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық 4 м, ал линзадан кескінге дейінгі қашықтық 1 м болса, линзаның фокус аралығы мен оптикалық күші

  22. Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты айналады. Айналу периодының \(\frac14\) бөлігіне тең уақыттағы оның жолы мен орын ауыстыруы 

  23. Ұзындығы 5 м, көлденең қимасының ауданы \(4\: см^2\) жіпке салмағы 20 кН жүк ілсе, жіптің абсолют деформациясы \((Юнг \:модулі\:2\cdot10^4\:Н/мм^2)\)

  24. Механикалық резонансты көрнекі түрде көрсетуге арналған Бартон маятнигі керілген берік жіпке ілінген ұзындықтары әр түрлі жеңіл маятниктерден (1, 2, 3, 4, 5) және мәжбүрлеуші периодты күш қызметін атқаратын салмақты маятниктен (M) тұрады.

     

     

    Салмақты маятникті (M) тербеткен кезде жеңіл маятниктердің ең үлкен амплитудамен тербелетіні

     

  25. Ыдыстағы спирт, су және ас тұзының ерітіндісіне жұмыртқа мен мұзды саламыз. Берілген сипаттамаларға сәйкес жұмыртқа мен мұз салынған сұйықтардың реті

     

     

  26. Жазық конденсатор әрқайсысының радиусы 10 см екі металл пластинкадан тұрады. Олардың арақашықтығы 1 мм, арасындағы оқшаулағыштың диэлектрлік өтімділігі 2,1-ге тең болса, электрсыйымдылығы 

    \((\varepsilon_0=8,85\cdot10^{-12}\: \frac{Кл^2}{Н\cdot м^2},\: \pi=3,14)\)

  27. Идеал газды тұрақты қысымда қыздырып, температурасын 150 K-нен 600 K-ге жеткізгенде көлемі \(3\cdot10^{-3}\:м^3-\)қа артқан болса, газдың бастапқы көлемі 

  28. Электронның массасы тыныштық массасынан 2 есе артық болатын қозғалыс жылдамдығы 

  29. \(Q=4\cdot10^{26}\: Дж\) энергия алу үшін, жағылатын тас көмір массасы \((q=2,7\cdot10^7\: Дж/кг)\)

  30. Актив бөлігінің ұзындығы 0,2 м электрқозғалтқыш якоріндегі ток күші 20 А, оған әсер ететін макисмум күш 1 Н болса, магнит өрісінің индукция векторы (өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр)

Қате туралы хабарландыру