Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5-нұсқа



Сұрақтар
  1. Пеште 10 кг тас көмірді жағу үшін 1 кг құрғақ ағаш отын ретінде пайдаланады. Отынды толық жанғанда бөлінген жылу мөлшері 

    \((q_{тас\:көмір}=2,7\cdot10^7\: Дж/кг,\: q_{ағаш}=1\cdot10^7\: Дж/кг)\)

  2. Массасы 1 г көмірқышқыл газындағы молекулалар саны

     \((M(C)=12\: г/моль,\:M(O)=16\:г/моль,\:N_A=6,02\cdot10^{23}\:моль^{-1})\)

  3. Күш импульсінің өлшем бірлігі

  4. Бір зат молекулалардың екінші бір зат молекулалардың арасындағы бос кеңістікке ену құбылысы

  5. Ішкі энергиясы атқарылған жұмыс есебінен өзгерудің мысалы 

  6. Индуктивтік катушканың ұштарындағы айнымалы кернеудің амплитудасы 157 В, ток күшінің амплитудасы 10 А болса, оның индуктивті кедергісі 

  7. Механикалық кернеуі 150 кПа болатын диаметрі 0,4 см сымға ілінген жүктің массасы \((g=10\: м/с^2)\)

  8. Теріс зарядталған электроскоптың металл шарына зарядталған денені тақатқанда электроскоп жапырақтарының ауытқу бұрышы азайса, зарядталған дене заряды

  9. Ыдыстағы идеал газдың көлемі 4 есе кеміп, температурасы 2 есе артса, газдың қысымы

  10. Егер қайық, ұзындығы 4 м толқынға қарсы қозғалғанда, оның корпусына толқын 1 с-та 3 рет, ал егер толқынның таралуына бағыттас қозғалса, онда толқын қайық корпусына 2 рет соғылады. Қайықтың қозғалыс жылдамдығы 

  11. Көлемі 1,5 л жабық ыдыстағы біратомды идеал газдың температурасы 20°C, молекулалар концентрациясы \(2\cdot10^{19}\:см^{-3}\) болса, ішкі энергиясы \((N_A=6,02\cdot10^{23}\: моль^{-1};\:R=8,31 \: Дж/моль\cdot К)\)

  12. Электрон индукциясы 4 мТл біртекті магнит өрісінде қозғалады. Электронның айналу периоды \((e=1,6\cdot10^{-19}\: Кл;\: m=9,1\cdot10^{-31}\: кг)\)

  13. Екі нүктелік зарядтар 9 Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, олардың әсерлесу күші 

  14. Радиолокатордан жіберген сигнал 0,0002 с кейін қайтадан оралды. Бақылаушы адамға дейінгі арақашықтық \((c=3\cdot10^8\: м/с)\)

  15. Жылдамдық графигін пайдаланып, дененің қозғалыс сипатын және жылдамдығын анықтаңыз

     

     

     

  16. Вакуумдік фотоэлементтің катодын жарықтандырғанда электрондар ұшып шығады. Жарық ағынының интенсивтілігін 2 есе арттырған кезде, фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы 

  17. Дене шашыратқыш линзадан 2 м қашықтықта орналасқан. Шашыратқыш линзаның фокус аралығы 50 см болса, алынған кескін мен линзаның арақашықтығы 

  18. 15,7 рад/с бұрыштық жылдамдықпен қозғала отырып, дененің 10 мин ішінде жасайтын айналым саны 

  19. Изохоралық процесте идеал газға \(4\cdot10^6\: Дж\) жылу берілген. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі мен жұмысы 

  20. Серіппеге бекітілген жүк жиілігі 0,5 Гц, амплитудасы 4 см тербеліс жасайды. Жүк тепе-теңдік нүктесінен өткен мезеттен кейін 0,25 с уақытта жүктің жылдамдығы

  21. Массасы 250 г суды 5°C-қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (c = 4200 Дж/кг · °C)

  22. Кризистік температура дегеніміз

  23. Заряды \(4\cdot10^{-4}\: Кл\) конденсатор астарларының арасындағы кернеу 500 В болса, конденсатор энергиясы 

  24. Өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде, тұрақты болып қалатын шама(-лар)

  25. Тік ұшақ оңтүстікке қарай 5 км, сосын шығысқа қарай 12 км ұшады. Оның орын ауыстыруының модулі

  26. Фотоэффект құбылысына алғаш рет эксперимент жасаған, заңдылықтарын тағайындаған ғалым 

  27. Реактивті ұшақ 900 км/сағ жылдамдықпен горизонталь бағытта ұшып келеді. Егер Жердің магнит өрісі индукциясының вертикаль құраушысы 50 мкТл, ал қанаттарының құлашы 24 м болса, онда ұшақ қанаттарының арасындағы потенциалдар айырымы

  28. ПӘК-і 40% жылу қозғалтқышы қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың жасаған жұмысы 

  29. Кедергілері 5 Ом және 10 Ом екі резистор тізбектей жалғанған. Осы резисторлардағы кернеулердің \(U_1/U_2\) қатынасы 

  30. Электр тізбегі төрт шамнан тұрады. Олардың тізбектей жалғанғаны 

     

     

Қате туралы хабарландыру