Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа



Сұрақтар
  1. Электролиттерде заряд тасымалдаушылар

  2. Температурасы 27°C біратомды идеал газдың ішкі энергиясы 37,4 кДж-ға тең болса, газдың зат мөлшері (R = 8,31 Дж/(моль · K))

  3. Болаттың қасиеттерін құрамына лигерлеуші элементтер енгізіп өзгертуге болады. Құрамына хром қосылған болаттың 

  4. \(s(t)\) тәуелділік графигінде жылдамдығы аз болатын дене

     

     

  5. Берілген физикалық шамалардан скаляр шама болатыны

  6. Асқын салмақты есептеуге арналған формула

  7. Адиабаталық процесс кезінде біратомды идеал газ 300 Дж жұмыс атқарады. Газдың ішкі энергиясы 

  8. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласы 

  9. Толқын ұзындығы 30 м радиотолқындар шығаратын ашық тербелмелі контурдағы тербеліс периоды \((c=3\cdot10^8\: м/с)\)

  10. Резерфордтың атомның құрылысына берген тұжырымдамасына сәйкес дұрыс тұжырым 

    \(d_a\)– атомның диаметрі; \(m_a-\) атомның массасы; \(q_a-\) атомның заряды;

    \(d_я-\) ядроның диаметрі; \(m_я-\) ядроның массасы; \(q_я-\) ядроның заряды

  11. Нүкте тербелісінің қозғалыс теңдеуі

     \(x=0,5sin\frac\pi3t\). Нүктенің орын ауыстыруы тербеліс амплитудасының жартысына тең болу уақыты 

  12. Материялық нүктенің қозғалысы 

    \(x=0,5sin1,57t\) теңдеуімен берілген. Нүктенің үдеуінің теңдеуі 

  13. Тұрақты температурада берілген массадағы идеал газдың көлемі 25%-ға арттырса, газ қысымының өзгерісі 

  14. Суда бір-бірінен \(3,3 \:см\) қашықтықта орналасқан \(0,66\cdot10^{-7}\: Кл\) және \(1,1\cdot10^{-3}\: Кл\) екі зарядтың өзара әрекеттесу күші 

    \((k=9\cdot10^9\: Н \cdotм^2/Кл^2;\: \varepsilon_{су}=81)\)

  15. Электр кедергісі тұрақты өткізгіште уақыт бірлігі ішінде бөлініп шығатын жылу мөлшері 0,09 есе артты. Тізбектегі ток күші

  16. Биіктігі 5 м тұғырдан секірген жүзгіш 2 м тереңдікке дейін суға сүңгіп кетті. Оның судағы қозғалыс үдеуі \((g=10\: м/с^2)\)

  17. ПӘК-і 40% жылу қозғалтқышы қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың жасаған жұмысы 

  18. Индуктивтігі 0,25 мкГн катушкадан және әрқайсысының сыйымдылығы 50 нФ параллель жалғанған екі конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың периоды 

  19. Диаметрі D, фокустық арақашықтығы F жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен жарық шоғы фокус артында диаметрі d дөңгелек жарық кескінін беретін экранның линзадан қашықтығы 

  20. Ыдыстағы қоспаның температурасы 30°C болу үшін массасы 20 кг, температурасы 10°C салқын суға құйылған температурасы 80°C-тағы ыстық судың массасы 

  21. МКТ-ныі негізгі қағидалары 

  22. p-типті өткізгіштікте негізгі заряд тасымалдаушылар

  23. 1 мкКл және 10 нКл екі нүктелік зарядтың 9 мН күшпен әсерлесетін қашықтығы

     \((k=9\cdot10^9\: Н \cdot м^2/Кл^2)\)

  24. \(_{88}^{226}Ra\) радий атомы \(\alpha\)-ыдырауға ұшырайды. Осы кезде 

  25. Жиілігі \(7,5\cdot10^{14}\: Гц\) күлгін жарықтың судағы жылдамдығы \(2,23\cdot10^8\: м/с\) болса, судың сыну көрсеткіші және күлгін жарықтың судағы толқын ұзындығы \((c=3\cdot10^8\: м/с)\)

  26. Дене 3 м жол жүріп содан кейін 90° бұрылып тағы 4 м жол жүрді. Дененің барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруы  

  27. Горизонталь ағаш тақтай бойымен массасы 2 кг ағаш кеспекті қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен бірқалыпты тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, серіппенің ұзаруы \((g=10\frac м{c^2})\)

  28. Температуралары бірдей сутегі мен оттегі газдары молекулаларының орташа квадраттық жылдамдықтарының қатынасы 

    \((M_H=1\cdot10^{-3}\: кг/моль;\: M_O=16\cdot10^{-3}\: кг/моль)\)

  29. Өткізгіштегі ток күші 320 мкА болса, осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 10 мин ішінде өтетін электрондар саны

     \((e=1,6\cdot10^{-19}\: Кл)\)

  30. Дене 30 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Алғашқы 4 с-та оның жүрген жолы мен орын ауыстыруы \((g=10\: м/с^2)\)

Қате туралы хабарландыру