Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2-нұсқа

Конспект

Бұқаралық мәдениет

 

БАҚ – бұл мемлекеттік идеология құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет.

Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор»,- деген. Француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған.

Адамзат тарихы әуел бастан және көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дәлелдеп келеді.

Тұтастай алғанда, бұқаралық мәдениет – бұл қалыптаса бастаған орта таптың мәдениеті, заманауи технологиялар көмегімен таратылып жоғары талғамның және рухани ізденістің көрінісі болып табылады.



Сұрақтар
  1. Бірінші суретте көрсетілген бұқаралық мәдениет түрі дамыған мемлекет

  2. Екінші суретте берілген тіл мен мәдениет құралы

  3. БАҚ-тың мемлекеттің саяси басқаруындағы орны

  4. БАҚ-тың «төртінші билік» аталуының негізгі себебі

  5. Кеңестік дәуірде БАҚ-тың негізгі мақсаты

Қате туралы хабарландыру