
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3-нұсқа
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы – елдердің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауды қызып тұрды. «Лазурит жолы» – Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Дегенмен, XV ғасырда Ұлы Жібек жолының әлемдік саудадағы маңызы күрт төмендеді.
-
Ұлы Жібек жолының басты валютасы
-
Қытай патшаларының әшекейлерінде көп қолданылған бағалы тас
-
Ұлы Жібек жолы басып өтетін Орта Азия елі
-
«Лазурит жолы» арқылы сауда байланысын жүргізген мемлекет халқы
-
XV ғ. соңында Ұлы Жібек жолының әлемдік саудадағы маңызының бірден төмендеуінің басты себебі