
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
-
Мәтінді оқып, Еуропадағы “Барқыт төңкерілісінің” салдарына жатпайтын нұсқаны анықта.
Орталық және Шығыс Еуропада батысшыл күштердің билікке келуі КСРО-ның ықпал ету аймағының бұзылуына және Еуропадағы және әлемдегі күштер тепе-теңдігінің күрт өзгеруіне әкелді. 1989 жылы 3 желтоқсанда Мальтада өткен саммитте АҚШ пен КСРО басшылары қырғи-қабақ соғыстың аяқталғанын жариялады. 1990 жылдың шілдесінде біріккен Германия канцлері Гельмут Коль Михаил Сергеевич Горбачевке экономикалық көмек алу үшін Біріккен Германияның НАТО-ға кіруі туралы қарсылықтарын алып тастау туралы ұсыныстарымен жүгінді. 1991 жылы 1 шілдеде Прагада өткен кездесуде Варшава Шарты Ұйымы ресми түрде таратылды. Сол айда саммитте Джордж Буш пен Михаил Сергеевич Горбачев кеңес-америкалық стратегиялық серіктестігі туралы жариялады. Кавказ аймағында (Грузия, Армения, Әзербайжан, Ресей), Молдавияда, Орта Азия республикаларында ұлтаралық қайшылық күшейіп, нәтижесінде, КСРО ыдырады.
-
Мәтінді оқып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қазіргі әлемде маңызды рөл атқаруының себептерінің бірін анықта.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы – адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың негізі. Декларация адам құқықтары туралы көптеген халықаралық шарттың және бүкіл әлемдегі адам құқықтары саласындағы норманың дамуының негізі болды. Декларация 30 баптан тұрады және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактімен (1966 ж.), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактімен (1966 ж.) тең Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің және оларға қосымша хаттамалардың бір бөлігі саналады.
-
Ұсынылған сызбаны зерделе, «Халықаралық рақымшылық» халықаралық үкіметтік емес ұйымының Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында көзделген адам құқықтарының бұзылуына қарсы күрестегі тиімділік себептерінің бірін көрсетіңіз.
-
Мәтінді оқып, 1980 жылдардың аяғында КСРО-да орын алған демократиялық өзгерістердің себебін анықтаңыз.
«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық ұйымын 1978 жылы Роберт Бернштейн мен Арье Найер Кеңес Одағының 1975 жылы Хельсинки келісімдерін сақтауын бақылау үшін жеке америкалық үкіметтік емес ұйым ретінде құрды. Ұйым БАҚ және саясаткерлермен тікелей байланыс орнатып, адам құқықтарын бұзатын үкіметтерге қоғамдық қысым көрсетті. Ұйымның өзі КСРО-дағы және «шығыс блок» елдеріндегі адам құқықтарының бұзылуына әлемнің назар аудартуы 1980 жылдардың аяғындағы демократиялық өзгерістерге ықпал еткенін айтады.
-
Дереккөзден алынған үзінділермен танысыңыз. Тарихи құжатты анықтаңыз.
1 бап. Араб халқының басым көпшілігі мекендейтін және 1918 жылғы 30 қазандағы қарсыластық кезендегі жау әскерінің басып алуымен болған Осман империясының аумақтарының тағдыры жергілікті халықтың еркіне сай шешілуі керек.
4 бап. Империяның астанасы Константинопольдің және халифат пен Осман үкіметінің қауіпсіздігі, Мәрмәр теңізінің қауіпсіздігі сияқты қол сұғушылықтан қорғалуы керек.
5 бап. Азшылықтардың құқықтары басқа елдердегі азшылықтардың пайдасына белгіленген негізде бізбен құпталады.
-
Мұстафа Кемал Ататүріктің мәлімдемесін оқыңыз. Осы дәйексөзбен байланысты оқиғаны анықтаңыз.
«Мәні қарапайым: егемендік ел халқына тиесілі. Бірақ Османның үйі (Осман әулиеті) өзіне артықшылықтарды күшпен иемденді, сондай-ақ оның өкілдері зорлық-зомбылықпен түрік ұлтын басқарды және ондаған ғасыр бойына үстемдігін сақтады. Енді бұл озбырлықпен басып алушыларға қарсы көтеріліске шыққан, өз егемендігін тиімді жүзеге асыруға құқық алып жатқан ұлт. Енді бұл ештеңе жоя алмайтын орын алған дәлел. Комиссияның әрбір мүшесі үшін табиғи құқық тұрғысынан мәселелерге қарау орынды болар еді».
-
Элеонора Рузвельттің сөзінен алынған үзіндіні оқып, қазіргі әлемде адам құқықтарының маңыздылығын негіздейтін дәлелді анықтаңыз.
«Жалпыға бірдей адам құқығы қай жерден басталады? Үйдің жанындағы шағын аумақта, ол соншалықты жақын және соншалықты кішкентай, сіз оларды әлемнің кез келген картасынан көре алмайсыз. Бұл құқықтардың сол кішкентай жерде мағынасы болмайынша, басқа жерде маңызы қалмайды. Егер азаматтар өз үйлерінің жанында осы құқықтарды қорғауға ұмтылмаса, бүкіл әлем болып алға жылжуға деген үмітіміз бекер».
-
Диаграммаларды зерттеп, Жапонияның экономикасына қатысты дұрыс нұсқаны көрсетіңіз.
-
Ұлттар лигасын құрудың тікелей себебі қай оқиға болды?
-
Қай халықаралық конференция Ұлттар лигасын құруға шешім қабылдады?
-
Бұл карикатура қандай тарихи оқиғамен байланысты?
-
Иллюстрацияда бейнеленген оқиғаны анықтаңыз
-
Иллюстрацияда бейнеленген оқиғаны анықтаңыз
-
Иллюстрацияда бейнеленген оқиғаны анықтаңыз
-
Төменде сипатталған үрдістер нені көрсетеді?
2020 жылғы заң үстемдігі индексін зерттеу нәтижелерінің талдауына сәйкес: «үшінші жыл қатарынан заң үстемдігінің жалпы көрсеткіші төмендеген елдер көп. 2020 жылғы Заң үстемдігі индексінің төмендеуі бар көптеген елдерде өткен жылы да осындай жағдай байқалды, бұл осы үрдістің орнықтылығын дәлелдейді. Ең алдымен, билік институттарының өкілеттіктерін шектеу сияқты көрсеткіш төмендеді».
-
Зерттеушілер көрсеткен мәлімет бойынша заң үстемдігі өсуі бойынша позициясы жоғарылаған мемлекетті көрсет.
«Бұл елдердің жетекші көрсеткіштерге ие болуы соңғы уақытта жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін дәлелдейді және олардың азаматтарына үміт береді. Бұл саяси ерік-жігердің маңыздылығын дәлелдейді. Бұдан әрі реформаларды жүзеге асырудың негізгі кезеңі – осы елдердің басшыларының уәделерінің орындалуын және олардың прогреске деген ұмтылысын тексеру».
-
Қытайда құқықтық мемлекетті дамыту тұрғысынан оңтайлы жағдайды көрсететін жоғары бақылау көрсеткішін анықта.
2020 жылғы заң үстемдігі индексі бойынша, Қытайдың 128 елдің жалпы әлемдік рейтингіндегі позициясы:
-
Төмендегі сипаттама қай ойшыл туралы айтылған?
- «Мемлекет» еңбегінің авторы.
- Сократтың шәкірті.
- Туған кезде қойылған есімі – Аристокл.
- Барлық шығармасы диалог түрінде жазылған