iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
VII тарау. Жануарлар селекциясы
Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан сұрыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды.
Саналы сұрыптау.
Үй жағдайында жануарлар мен өсімдіктерді өсіру кезінде, адамдар бағалы, пайдалы белгілері бар ата-аналық даралар өздеріне ұқсас, жетілген ұрпақ әкелетінін байқаған. Оларды бірнеше ұрпақ бойы қадағалап, көбейтіп, өсіріп отырған. Адам саналы сұрыптау барысында белгілі бір мақсат қойып, қандай нәтиже шығатынын да болжай алады. Осы сұрыптаудың нәтижесінде жануарлардың белгілері өзгеріп, адам қажетіне керек, жабайы ата тегінен өзгеше, жаңа түрлері пайда болады. Сұрыптаудың шығармашылық маңызы осында. Қолдан сұрыптаудың екі түрі бар. Ол — жаппай және жеке сұрыптау.
Жаппай сұрыптау деп фенотипі (сыртқы белгілері, қасиеттері) бойынша сұрыптауды айтады. Мұнда генотип есепке алынбайды, фенотип жағынан бірдей даралардың тобын іріктейді.
Жеке сұрыптау кезінде жекеленген өсімдіктің немесе жануарлардың біреуін іріктеп, оның ұрпақтарының генотипін зерттейді. Ұрпақтарына бағалы, қажетті қасиеттер мен белгілерін тұрақты беретін дараларды сұрыптайды. Жеке сұрыптаудың маңызы генотипі жағынан бағалы бір дарадан көп ұрпақ алуға болатынында. Мысалы, қолдан ұрықтандырудың тәсілдерін пайдалана отырып, бір бұқадан, қошқардан ондаған, жүздеген ұрпақ алуға болады. Жеке сұрыптаудың жаппай сұрыптаумен салыстырғанда маңыздылығы жоғары. Өсімдіктерде жеке сұрыптауды кеңінен қолданады. Кез келген өсімдікті оның ұрпағы бойынша бағалау жүргізу үшін жеке-жеке көбейтіп, таза сорттармақ жағдайына жеткізеді. Таза сорттармақ, дегеніміз — бір жұп ата-анадан тараған белгілері бойынша гомозиготалы ұрпақтар. Адам қолдан сұрыптаудың әдістері арқылы популяцияда қажетті, бағалы белгілері бар дараларды көбейтеді.
Будандастыру әдісі.
Өсімдіктердің сорттарын, жануарлардың жаңа тұқымын шығару үшін будандастыру әдісін қолданады. Олар туыстық будандастыру (инбридинг) және туыстық емес будандастыру (аутбридинг) болып бөлінеді. Туыстық будандастыру немесе инбридинг будандастыруда туылған ұрпақта гендердің гомозиготалы күйге ауысуына байланысты гомозиготалы даралардың үлесі арта түседі.
Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын, әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850–1000 кг, сиырлары 500–550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450– 470 килограмға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі.
Қазақтың ақбас сиырының бұқасы
-
Ең алғаш қолға үйретілген жануар:
-
Жабайы жануарларды қолға үйрету орталықтарын анықтап, ғылыми пікір ұсынған орыстың атақты ғалымы:
- «Апат төнгелі тұр» деген мақаласында, халқымыздың өмірінде төрт түліктің алатын орнын атап көрсеткен:
- Ірі қараның арғы тегі:
- XVІІІ ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған қолтұқым:
- Сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі:
- XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған қолтұқым:
- Сүтті , етті бағытта өсірілетін қолтұқым:
-
Жануарларды қолға үйрету қашан басталған?
-
Ұрпақ будандары ата-аналық даралармен салыстырғанда тіршілік қабілеті жоғары болуы қалай аталады?