Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VIII тарау. Экология негіздері

Конспект

Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

 

Бірінші кезең

Аристотель

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Әли ибн Сина

Антони Ван Левенгук

Карл Линней

Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап ХҮІІ ғасырдың басы мен ХҮІІІ ғасырдың соңына биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы. Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды.

 

Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

 

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

 

Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

 

Екінші кезең

Дарвин Чарлз Роберт

В.И.Вернадский

Геккель Эрнст

 

В. В. Докучаев

Карл Францевич Рулье

Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

 

Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың,құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардыі тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.

 

Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақарасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

 

Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның"тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

 

XX ғасырдың 30-40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871-1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В.Н.Сукачев (1880-1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.

 

Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

 

Үшінші кезең

 

Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.



Сұрақтар
  1. Экология терминің енгізген ғалым:
  2. Экология ғылымы туралы деректер жинақтала бастаған кезең:

  3. Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан  ағылшын ғалымы:
  4. Қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінетін биосфера туралы ілімнің авторы.

  5. Экология -

  6. Жердің саналы қабаты:

  7. Экология ғылымының қалыптасуын неше кезеңге бөліп қарастырады?

  8. Биогенді элементке төмендегілердің қайсысы жатпайды?

  9. Экология ғылымының дамуына мол үлес қосқан ғылым:

  10. Экологиялық зерттеулер негізінен ең алғаш кімнің еңбектерінде сипат алды?

Қате туралы хабарландыру