Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Аллелді гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип

Конспект

Аллельді гендер - гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары. Аллельді гендер бір белгінің вариантын анықтайды. Организмнің белгілі бір белгісін анықтайды. Кез келген белгінің бірдей немесе екі түрлі көрінісін анықтайтын жұп гендер аллелді гендер деп аталады.

 

Ген – хромосомның белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі. Белоктың алғашқы құрылымы туралы хабар бар ДНК молекуласының учаскесі.

 

Генотип – ағзаның гендер жиынтығы. Гендік қор (генофонд) — популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы. Геном – жасуша хромосомасы немесе организм гендерінің гаплоидты жиынтығы.

 

Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін – рецесивті генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні доминантты белгі деп атайды.

 

Фенотип – организмнің ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы, яғни тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабағының биіктігі, т.б.



Сұрақтар
  1. Гендердің жиынтығы:
  2. Белігінің басым болу құбылысы:
  3. Ағзаның гендер жиынтығы:
  4. Хромосомның белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі:
  5. Гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары:
  6. Организмнің сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы:

  7. Аллельді гендерінің екеуі де доминантты не екеуі де рецессивті болатын организмді қалай атайды?

  8. Белгі бірінші ұрпақта жарыққа шықпай, басылыңқы күйде қалуы:

  9. Аллельді гендер қалай белгіленеді?

  10. Кез келген белгінің бірдей немесе екі түрлі көрінісін анықтайтын жұп гендер:

  11. JJCc генотипі түзетін гамета

Қате туралы хабарландыру