Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік

Конспект

Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Модификациялық өзгергіштік деп айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің жеке дамуы барысында морфологиялық, физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіні байқалады. Мысалы, француз ботанигі Боннье 120 түрге жататын өсімдіктерді алып, оларға тәжірибе жүргізген. Өсімдіктің әрбір талын алып, оны теңдей етіп, екіге белген. Бір жартысын ауа райы жылы, өсіруге қолайлы Париж ботаника бағына отырғызады, ал екінші жартысын таудың басына суық жерге егеді. Төжірибелердің қорытындысы мынадай болады. Парижде отырғызылған жер алмұртының бойы биік болып, таудағысының сабағы қысқарып, жерге жабысып өседі. Ал осы екі географиялық аймақта өскен өсімдіктің тұқымын алып, бірдей үлескіге отырғызғанда, олардың фенотипі (сабағының биіктігі) ата-анасының фенотипінің өзгешелігіне қарамай, бірдей болады. Демек, бұл сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктің фенотипі өзгергенімен, оның генотипінің өзгермейтінін көрсетеді. Модификациялық өзгергіштіктің бір ерекшелігі осында.

 

Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор — генотип. Бірақ белгілердің көріну дөрежесі сыртқы орта факторларына байланысты. Бір организмнің түрлі белгілерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру дәрежесі де әр түрлі болады.

 

Модификациялық өзгергіштіктің ерекше түріне ұзақ модификациялану жатады. Бұл өзгергіштік сырткы ортаның факторлары әсерінен бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалайды. Мысалы, колорад қоңызының қуыршағына жоғары немесе төмен температурамен әсер еткенде, ересек қоңыздардың денесінің бояуының түсі өзгереді. Бұл белгі бірнеше ұрпақ сақталып, кейіннен бастапқы түсіне қайтадан оралады. Ол температурамен өңделген аналық коңыздан ғана беріледі, аталықтан берілмейді. Ұзақ модификациялану белгілердің цитоплазмалық жолмен тұқым қуалайтынын көрсетеді.



Сұрақтар
  1. Генотиптің өзгеруіне байланыссыз, тек сыртқы ортаның әсерінен болатын өзгергіштік:

  2. Сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілердің өзгеру шегі:
  3. Модификациялық өзгергіштіктің ерекше түріне жатады:

  4. Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор:

  5. Гендердің, хромосомалардың, қоршаған орта факторларының әсерінен организмнің ортаға бейімделіп, фенотипінің өзгеруі:
  6. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын кім шығарды?

  7. Хромосомалары екі еселенген жасушаның бөлінбей қалуы да мүмкін, мұндай өзгерістің қандай түрлері бар?

  8. Полиплоидия мен гетероплоидияны жалпы атпен қалай атайды?

  9. Тұқым қуалайтын өзгергіштікті қалай атайды?

  10. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің қандай түрі ажыратылады?

Қате туралы хабарландыру