Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары

Конспект

Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар: 1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар; 2) өсіруге қолайлы; 3) гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, әр сорт өзінше таза дамып жетілетіндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі; 4) бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.

Грегор Мендель

Мендель алғашқы тәжірибелерінің бірінде бұршақтың сары және жасыл тұқымды екі іріктемесін өзара будандастырған. Бұл өсімдіктер бір-бірінен тек бір белгісі – тұқымдарының түсі арқылы ерекшеленеді. Мұны моногибридті будандастыру деп атайды.

Мендельдің бірінші заңы. Ата-аналары бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дарақтарды будандастыруды моногибридті деп атайды. Мендель өз тәжірибелерінің бірінде асбұршақтың тұқымдары сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған. Сонда бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып, жасыл түс көрінбеген.

Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды. Қарама-қарсы (альтернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер — аллельді гендер деп аталады. Мысалы, тұқымның сары түсі мен жасыл түсін, гүлдің қызыл түсі мен ақ түсін анықтайтын гендерді — аллельді дейді.

Генотип деп — ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығын айтады. Генотипіне қарай организм гомозиготалы не гетерозиготалы болуы мүмкін. Гомозиготалы деп тек бірыңғай доминантты (АА) немесе рецессивті (аа) аллельдерден тұратын организмді айтады.

Гетерозиготалы организм, керісінше, әр түрлі аллельдерден тұрады (Аа). Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын фенотип деп атайды. Мысалы, тұқымның түсі, пішіні, сабақтың биіктігі, көздің қара немесе көк болуы және т.б.

Белгілердің ажырау заңы. Мендель бұл тәжірибені одан әрі жалғастырып, бірінші ұрпақтағы будандарды өздігінен тозаңдандырғанда, екінші ұрпақта сары тұқымды да, жасыл тұқымды да дарақтар алынған. Екінші ұрпақта — ата-аналарының екеуіне де тән белгілердің көрініс беру заңдылығын — ажырау заңы деп атайды.

Сұрақтар
  1. Екінші ұрпақта - ата-аналарының екеуіне де тән белгілердің көрініс беру заңдылығы:

  2. Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтық:

  3. Қарама-қарсы (альтернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер:
  4. Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгі:

  5. Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні:

  6. Ата-аналары бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дарақтарды будандастыру:

  7. Тұқымдардың түсі арқылы ерекшеленуі:
  8. Мендельдің тәжірибе жасаған өсімдігі:
  9. Генотипіне байланысты организм қандай болуы тиіс?

  10. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесін басқаша қалай атауға болады?

  11. Полимерия құбылысын ашқан ғалым

  12. Қасқырдың қара түсі көк түсіне доминанттылық қасиет көрсетеді. Бірінші (F1) ұрпақта алынған дараларды өзара қайта (F2) шағылыстырғанда күтілетін ұрпақтың генотипі

  13. Мысықтың қара түсі ақ түсіне доминанттылық қасиет көрсетеді. Бірінші (F1) ұрпақта алынған дараларды өзара қайта (F2) шағылыстырғанда күтілетін ұрпақтың генотип және феннотип белгілерінің арақатынасы

Қате туралы хабарландыру