Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Клетканың құрамындағы бейорганикалық заттар

Конспект

 

Клетканың 98%-ын сутек, оттек, көміртек және азот түзеді. Оларды макроэлементтер деп атайды. Нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының құрамында болатын күкірт, фосформен қосып, оларды биоэлементтер деп те атайды. Клеткада мырыш, йод, фтор, кобальт, марганец, молибден, бор өте аз мөлшерде болады. Барлығы клетканың жалпы мөлшерінің 0,02%-ынан аспайды. Сондықтан бұларды микроэлементтер деп атайды. Микроэлементтердің тіршілік үшін маңызы зор. Олар ферменттер, витаминдер, гормондар сияқты биологиялық активті заттардың құрамында болады.

 

 

 

Су. Клетка құрамының ең көп бөлігі − су. Тек тіс кіреукісі құрамында 10% су бар. Дамып жатқан ұрық клеткаларында 80%-дан жоғары су болады.

 

 

 

Минералды тұздар. Клетка құрамында минералды тұздар ерімеген қатты күйде немесе иодар түрінде болады. Калий, натрий, кальций (C+,NA+,Ca2+) катиондары организмнің тітіркенгіштігін қамтамасыз етеді. Кальций көп клеткалы оранизмдердің кеткаларын бір-бірімен байланыстырып, ұлпаларда белгілі бір ретпен орналасуын қамтамасыз етеді.

 



Сұрақтар
  1. Клетканың құрамындағы иодар түрінде болатын зат:

  2. Клетка құрамының ең көп бөлігі:
  3. Клеткада мырыш, йод, фтор, кобальт, марганец, молибден, бор өте аз мөлшерде болса оларды:

  4. Нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының құрамында болатын күкірт, фосформен қосылса

  5. Клетканың құрамындағы химиялық элементтерді:
  6. Мырыш туралы дұрыс мәліметті таңдаңыз:

  7. Қанның ұю қасиеті қай элементке байланысты?

  8. Нуклеин қышқылының түзілуіне, нәруыз алмасуына қатысатын элемент:

  9. Клетканың буферлігі нелер арқылы жүзеге асады?

  10. Макроэлемент:

Қате туралы хабарландыру