Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Клетканың құрамындағы органикалық заттар

Конспект

Клетка құрамының 20-30%-ы органикалық заттар. Олар биологиялық полимерлер – нәруыздар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар. Әр түрлі организмдердің клеткаларында түрлі мөлшерде органикалық заттар болады.

 

Нәруыздар. Кез келген клеткада нәруыз мөлшері жағынан да бірінші орында тұрады. Нәруыз – жоғары молекулалы полимерлік қосылыс. Оның мономері–аминқышқылдар. Әр түрлі организм клеткаларындағы ніруыз молекулалары біргелкі емес, тіпті түрлі мөлшердегі нәруыздар да ерекше болып ажыратылады.

 

Көмірсулардың формуласы – Сn (Н2О)m. Көпшілігінің құрамында көміртекке қарағанда судың молекуласы екі есе артық болады. Сондықтан көмірсулар деп аталады. Жануар клеткасының құрамында 1-2 %, кейде 5 %-ға дейін көмірсулар болса, өсімдік клеткаларының құрғақ салмағының 90 %-ға дейін көмірсулар бар.

 

Полисахаридттер – көптеген моносахарид қалдықтарынан тұзілген күрделі көмірсулар. Крахмал, гликоген, целлюлоза сиқты полисахаридтердің мономері – глюкоза. Көмірсулар – құрылыс материалы және энергия қызметін атқарады.

 

Липидтер – суда ерімейтін органикалық заттар. Табиғатта ең көп тарағаны – бейтарап майлар. Майлардың молекулалары үш атомды спирт – глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады. Майлар негізінен энергия жинайды. 1 грамм майдан 38.9 кДж энергия бөлінеді. Клеткада құрғақ массасының 5-15 % май болады.



Сұрақтар
  1. Суда ерімейтін органикалық заттар:

  2. Көптеген моносахарид қалдықтарынан түзілген күрделі көмірсулар:

  3. Көміртекке қарағанда судың молекуласы екі есе артық болса:
  4. Жоғары молекулалы полимерлік қосылыс:
  5. Биологиялық полимер:

  6. Клетка жарғақшаларының құрамында болып, құрылымдық қызмет атқаратын майлар?

  7. Полисахаридтердің өкілі?

  8. Нуклеин қышқылдарының молекулалық моделін ұсынды?

  9. Жыныс гормондары, D витамині, бүйрек үсті безі гормондары түрінде болатын майлар?

  10. Молекулалары үш атомды спирт - глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады?

Қате туралы хабарландыру