iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
X тарау. Асқорыту мүшелері. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі
Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады.
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100–120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртқаның, асбұршақтың, жаңғақтың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.
Майлар да адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттың бірі. Май сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Май, әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70–100 г май пайдалануы керек.
Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Витаминдер (латынша «vіta» – тіршілік, «amіn» – химиялық заттар) тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Витаминдердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі ауруларға шалдықтырады.
Минералдық тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз астың иманы» деген сөзде терең тұжырым бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адам тәулігіне 5–6 грамдай ас тұзын пайдаланса жеткілікті.
Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық процестердің бәрі де судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5–2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аздаған мөлшері ағзаның өзінде органикалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.
-
Асқорыту мүшелеріне жатады:
-
Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі ... аяқталады:
- Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11–13 см. болатын түтік пішінді қуыс:
-
Екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан мүше:
-
Ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше:
-
Құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында көкеттің астында орналасқан мүше:
-
Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше:
-
Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері:
-
Асқорыту мүшесінде тоқ ішекпен аш ішектің басталған жерінен пайда болатын ауру:
-
Тілдің екі бүйірі сезеді:
-
Неліктен сілекей ауыз қуысында қышқыл тағамды бейтараптайды?
-
Сілекей құрамында кездесетін фермент
-
Өт пигменті түзіледі
-
Ашішектің бөлімдері