Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IX тарау. Өкпенің құрылысы мен қызметі

Конспект

 

Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толып жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы (грекше «pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

 

 

1-сурет. Тынысалу жолдары. Өкпе мен бронхылардың құрылысы:

1 – мұрын қуысы; 2 – кеңірдек; 3 – оң жақ және сол жақ өкпе; 4 – бронхылар; 5 – көмекей; 6 – бронхиолалар мен өкпе көпіршіктері; 7 – өкпе көпіршігінің құрылысы; 8 – қантамырлар; 9 – өкпе көпіршіктері; 10 – жарып көрсетілген өкпе көпіршіктері; 11 – көпіршіктердегі капиллярлар торы

 

Тыныс алғанда көкеттің тегістелуі бұлшықет талшықтарының жиырылуынан болады. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп, ауаға толады. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

 

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% – оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді. Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.

Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын кеуде (көкірек) қуысындағы бұлшықеттердің қозғалысы: 1 – ауаның өкпеге енуі; 2 – төссүйек; 3 – тыныс алғанда көкеттің тегістелуі; 4 – көкет бұлшықетінің босаңсуы; 5 – тыныс шығарғанда көкеттің күмбезденуі; 6 – көкет бұлшықетінің жиырылуы.



Сұрақтар
  1. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда жұтатын ауа мөлшері:

  2. Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша ауаны жұтады:
  3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) құрал:

  4. Тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады:

  5. Тыныс алу мен тыныс шығаруды реттейді:
  6. Ересек адамдағы тынысалу қозғалыстары минутына?

  7. Тынысалуға қатысады:

  8. «Көкіректі» тыныс алу типі кімдерге тән?

  9. Әр өкпенің сыртын қаптап тұрады:

  10. Өкпе плеврасы қай ұлпадан түзілген?

Қате туралы хабарландыру