Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VIII тарау. Қантамырлар және олардың түрлері

Конспект

Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.

 

Артерия қантамырлары (грекше «arterіa» – қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын – өкпеартериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты– жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың сыртқы қабаты мықтылық, серпінділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпінді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша мықтылық қасиет береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпінді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры – қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.

 

Қантамырлар:

а) қантамырлардың денеде орналасуы; ә) қантамырлардың түрлері: 1 – артериялар; 2 – веналар; 3 – вена қантамырларының ішіндегі қақпақшасы; б) капиллярлар; в) қан айналымының сызбанұсқасы: 1 – кіші қанайналым шеңбері; 2 – үлкен қанайналым шеңбері

 

Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады.

 

Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады.



Сұрақтар
  1. Қандыжүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар

  2. Артериялардың сыртқы қабаты:

  3. Ең ірі артерия қантамыры:
  4. Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды:
  5. Қан қысымы артерия тамырларынан төмен және қан өте баяу қозғалатын тамыр:
  6. Вена тамырының сипаттамасы?

  7. Ең жіңішке қан тамырыны?

  8. Артерия қабырғасының ортаңғы қабаты түзіледі?

  9. Ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады?

  10. Оң жақ қарыншадан басталатын өкпе артериясының ішінде болады?

Қате туралы хабарландыру