Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Сүйектің сынуы

Конспект

Сіңірдің созылуы – адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың басы бұралып, сіңірі созылады. Сіңірдің созылған жері шыдатпай ауырып, ісіп кетеді. Алғашқы жәрдем – ісінген жерге суық шүберек басып, қатты таңып тастау керек. Содан соң дәрігерге көрінеді.

 

Буынның шығуы – адам жығылғанда, өте ауыр зат көтергенде, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйектің басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буынның шығуын хирург-дәрігер ғана емдейді.

 

1-сурет. Тізе буыны шыққанда көрсетілетін жәрдем:

1 – ортан жілік; 2 – буын байланысы; 3 – асықты жілік және шыбық (садақ) сүйектер

 

Сүйектің сынуы. Егер адам қатты құласа немесе басқаша оқыс жағдайдан сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды – ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін.

 

 

Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бас сүйегі жарақаттанса, жарақаттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады.

 

Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып шендеуіш салады. Дәрігердің көмегі ауадай қажет. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.



Сұрақтар
  1. Адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болатын сүйектің ауытқуы
  2. Адам жығылғанда, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйектің басының таюы
  3. Сынудың жай түрі
  4. Сүйектің сынуы ... түрлі
  5. Өте қауіпті сыну түрі
  6. Сүйек сынған жерінде сызат пайда болады:

  7. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі?

  8. Ересек адамдардың сүйектері неліктен сынғыш?

  9. Қай жағдайда жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін?

  10. Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек:

Қате туралы хабарландыру