Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар

Конспект

Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.

1-сурет. Сүйектің құрылысы:

1 – қантамырлары; 2 – Гаверс каналы; 3 – сүйек қабы (периост); 4 – сүйектің тығыз бөлігі; 5 – сүйектің кемікті бөлігі; 6 – жілік майы жасушалары; 7– Гаверс жүйесі (остеон); 8 – остеоциттер (сүйек ұлпасының жасушалары)

 

Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.

 

Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

 

Буындар.Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.

 

 

 

2-сурет. Сүйектің байланысы:

1 – жамбас сүйегі; 2 – буын қапшығы; 3 – буын қуысы; 4 – ортан жілік; 5 – буын сіңірі; 6 – ортан жіліктің ұршық басы; 7 – буын беті; 8 – буын созылғанда көрсетілетін жәрдем

 

Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.



Сұрақтар
  1. Сүйектің құрамында май мөлшері:
  2. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен:
  3. Сүйек қабы арқылы сүйектер:
  4. Сүйектің құрамында су мөлшері:
  5. Сүйектің құрамында минералды заттар мөлшері:
  6. Буындық байланыстармен байланысқан сүйектерге жатады:

  7. Сүйектер түзілетін ұлпа:

  8. Бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?

  9. Омыртқалар қандай байланыспен байланысқан?

  10. Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті немен қапталған?

Қате туралы хабарландыру