Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

III тарау. Қалқаншамаңы, айырша және бүйрек үсті бездер

Конспект

Қалққаншамаңы бездерін ғалымдар көпке дейін қалқанша бездің бір бөлігі деп келген. Кейін жеке бөліп алып зерттегенде (1924) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер паратгормон бөледі. Ауру белгілері: Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мұлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді.

Қалқаншамаңы бездері

 

Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді. Қызметі: бұл без тимозин гормонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсы дене түзілмейді.

 

 

Айырша без (тимус)

 

Бұл – бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6–7 г, екеуін қосқандағы салмағы шамамен 12–14 г. Оң жақтағы бұйрекүсті безінің пішіні –үшбұрыш, сол жақтағының пішіні – жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты қабаттан және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұпасының 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртысты қабаты 90%-ын алып жатады. Бүйрекүсті бездерінен көптеген гормондар түзіледі.

 

Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігерді эндокринолог дейді.

 

Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының әр түрлі аурудан және жарақаттануынан туатын ауру Аддисон ауруы деп аталады. Бұл ауруды 1855 жылы ағылшын дәрігері Т.Аддисон алғаш рет сипаттаған. Аурудың белгілері: ауру адам өте әлсіз болып, тез шаршайды; қан қысымы төмен (70/30 мм сын. бағ.); асқа тәбеті тартпайды; терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді. Бұл аурудың екінші атын «қола ауруы» дейді (теріде жиналатын пигментке байланысты). Асқынбай тұрғанда ауруды құрамында натрий мен көмірсулары көп, калийі аз тағаммен емдейді.



Сұрақтар
  1. Паратгормон бөлетін без
  2. Кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады

  3. Сыртқы қыртысты қабаттан және ішкі боз (милы) қабатты без

  4. Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігер
  5. Қыртыс қабатының қызметінің нашарлауынан, жарақаттануынан туатын ауру

  6. Бүйректің жоғарғы жағында орналасқан жұп без?

  7. Бүйрекүсті безі бөлетін гормон?

  8. Қалқаншамаңы бездері бөлетін гормон?

  9. Адамның балалық шағында ірі болып, жыныстық жетілуден кейін кішірейетін без?

  10. Қалқаншамаңы безінің қызметі?

Қате туралы хабарландыру