iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
III тарау. Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қалқанша безі барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналасқан. Ересек адамдардың салмағы шамамен 30–60 г, пішіні таға тәрізді, бір-бірімен өзара байланысқан екі бөліктен тұрады.
Қалқанша без
Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты затта тироксин гормоны, ал онда йод болады. 50 жастан ары қарай қалқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1–2 г. Тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» –шырыш жєне «oіdema» – ісіну) ауруына шалдығады.Аурудың белгілері: 1) ағзада зат алмасу 30–40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп, сирейді.
Микседемамен ауырған адам
Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам алқым ісуі (эндемиялық зоб) ауруымен ауырады. Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамында йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15–0,20 мг болуы керек. Аурудың белгісі. Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг дейін жетеді, сондықтан алқым ісуі дейді. Эндемиялық зобты емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады.
Алқым ісуі (эндемиялық зоб)
Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сығарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл-есі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (французша «cretіnіsme» – жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуңа болады.
Кретинизм ауруы
-
Барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі
- Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспеуінен болатын ауру
-
Йод жетіспеуінен болатын ауру
- Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспеуінен болатын ауру
-
Қалқанша безінен қандай гормон бөлінеді?
-
Өмір бойы тироксин гормонын енгізумен емделетін ауру?
-
Қалқанша бездің артқы бетінде қандай без орналасқан?
-
Көз қарасы таңырқаулық танытып, көз бадырайып тұратын ауру ?
-
Эндемиялық зоб ауруымен көбіне қандай аймақ адамдары ауырады?
-
Тироксиннің бөлінуін реттейтін гормон?