Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

II тарау. Жасушаның химиялық құрамы

Конспект

Нәруыздар – көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі органикалық заттар. Нәруыздар 45°–80°С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.

 

Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен майқышқылынан тұрады.

 

Көмірсулар – майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристалды) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары – глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен жануарлар бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.

Нәруыздар, майлар және көмірсулар – жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді.

 

Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден басқа натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.



Сұрақтар
  1. Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі органикалық заттар:
  2. Үш элементтен құралған, суда ерімейтін:

  3. Майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегінен тұрады:
  4. Жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары:
  5. Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері:
  6. Глицерин мен май қышқылынан тұратын?

  7. Бұлшықеттер мен бауыр жасушаларында кездесетін?

  8. Еріткіш ретінде өте қажет бейорганикалық зат?

  9. Жасушаның цитоплазмасында болмайтын нуклеин қышқылы?

  10. Судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлуін қамтамасыз ететін бейорганикалық заттар?

Қате туралы хабарландыру