iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
II тарау. Ұлпалар. Эпителий, дәнекер ұлпаларының құрылысы мен қызметі
Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бір-бірімен жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары. Эпителий ұлпасы (грекше «epі» – үстіңгі, беткі) жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (асқазан, ішектер, несепағар, мұрын қуысы, ішкі секреция бездері және т. б.) астарлап жатады. Жасушалары бір-бірімен өте тығыз жанасқан мұндай орналасудың қорғаныштық қызмет атқаруда мәні зор. Жасушаларының пішіндері – жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр және т. б.
Жалпақ эпителий Кірпікшелі эпителий
Эпителий ұлпалары
Шеміршекті дәнекерұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері, көмекей қақпақшасы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.
Шеміршекті дәнекерұлпаларына серпімділік беретін оларда қоршап жатқан негізгі зат.
Шеміршек жасушалары
Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бір-бірімен байланысқан сүйек тақташаларынан (пластинка) түзілген. Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары тірі, қантамырлар мен жүйкелер торлап жатады. Қаңқа сүйектері түгелдей осы ұлпадан тұрады. Құрамындағы кальций тұзы сүйекке мықтылық қасиет беретіндіктен ағзада сүйектер тірек қызметін атқарады.
Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының (рыхлая) талшықтары бір-бірімен өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.
Қан – сұйық дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.
Қызметі: а) ұлпаларға мықтылық қасиет береді (тығыз талшықты ұлпа);
ә) сіңірлер мен терінің негізін түзеді (тығыз талшықты ұлпа);
б) тірек қызметін атқарады (шеміршекті және сүйекті ұлпа);
в) оттек, қоректік заттармен қамтамасыз етеді (қан ұлпасы).
-
Мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді астарлап жататын ұлпа
- Бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап жататын ұлпа
- Сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфа түзілетін ұлпа
-
Жасушалары домалақ пішінді, жасушааралық заттары мөлдір топтанып тұратын
-
Құрамында кальций тұзы бар, бір-бірімен байланысқан сүйек тақташаларынан (пластинка) түзілген
-
Жабын ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді астарлап жататын?
-
Көмекей қақпақшасы, кеңірдек пен құлақ қалқаны дәнекер ұлпаның қай түрінен түзілген?
-
Асқазан мен ішектердің ішкі қабатында орналасатын?
-
Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы?
-
Тітіркенуді қабылдайтын?
-
Иммундық жүйенің шеткі мүшелері