iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
II тарау. Бұлшықет және жүйке ұлпалары
Бұлшықет ұлпасы денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет – жиырылғыштығы. Жиырылу арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтіреді. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады: көлденең жолақты (қаңқа мен жүректің бұлшықеттері) және бірыңғай салалы бұлшықеттер.
А Ә Б
Бұлшықет ұлпалары а) бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары;
ә) көлденең жолақты бұлшықет жасушалары;б) жүректің көлденең жолақты бұлшықеті.
Қаңқа бұлшықеттері сүйекке бекінсе, бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы мүшелердің, мысалы, асқазанның, ішектердің, қантамырлардың, несепағардың, қуықтың, жатырдың және т. б. қабырғасында кездеседі. Қаңқа және жүрек бұлшықеттерінің әрбір жасушасы (талшықтары) көп ядролы. Талшықтары бір-бірімен кезектесіп орналасқан күңгірт және ақшыл жолақты болады. Сондықтан бұл бұлшықеттерді көлденең жолақты дейді. Күңгірттеу жолағы жіңішке, ақшыл жолақтары жалпақтау (кеңдеу).
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы адам еркіне сай жиырылады. Жүректің бұлшықеті көлденең жолақты болғанымен адам еркінен тыс жиырылады. Ондағы бұлшықет талшықтары өте жіңішке және олар өзара торланып жатады. Жүректің бұлшықет жасушасында да бір ғана ядро бар.
-
Денедегі бұлшықеттерді түзетін
- Асқазанның, ішектердің, қантамырлардың, қуықтың, жатырдың және т. б. қабырғасында кездеседтін ұлпа
-
Жасушалары цилиндр пішінді әрі көп ядролы
-
Жүйке жасушаларынан түзілген
- Жасушаның ұзын өсіндісі
-
Бұлшықет ұлпасының құрылымдық және қызметтік бірлігі:
-
Нейрондар мен жүйке талшықтарының арасында қозу не арқылы өтеді?
-
Нейроглия:
-
Барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейтін жүйе:
-
Жүйке ұлпасының қызметі?