iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
II тарау. Мүшелер мен мүшелер жүйесі
Ағза – біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бір-бірімен қосылып мүше түзеді. Мүше дегеніміз – белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді – ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы – асқорыту, тынысалу мүшелерінің кілегейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы – өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы – ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.
Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі бір-біріне байланысты мүшелер және мүшелер жүйесі бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәржыныстық, эндокриндік аппараттар бар.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі
1. Эндокриндік жүйе – арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық процестерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
2. Жүйке жүйесі – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) – сыртқы ортадан тітіркендіруді қабылдайды әрі оған жауап қайтарады.
4. Тірек-қимыл жүйесіне (аппараты) бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
5. Жүрек-қантамырлар жүйесі – жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
6. Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы газалмасуға қатысады.
7. Асқорыту жүйесі – ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
8. Зәр шығару жүйесі – зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
9. Жыныс жүйесі – ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
- Зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығаратын жүйе:
- Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейтін жүйе:
-
Асқорыту, тынысалу мүшелерінің кілегейлі қабықшасын:
-
Арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы процестерді реттейтін жүйе:
- Белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі:
-
Белгілі бір физиологиялық қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әртүрлі мүшелер құрайды?
-
Организмді оттекпен қамтамасыз етуге және одан көмірқышқыл газын шығаруға қатысады?
-
Тірек-қимыл жүйесі?
-
Қаңқа мен бұлшық еттер нені қамтамасыз етеді?
-
Тіл, тістер, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішектер, бауыр, ұйқы безі?