Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

II тарау. Жасуша органоидтары

Конспект

Жасуша органоидтары (грекше «organon» – мүше, «eіdos» – түрі) – жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі.

 

1. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) – жасушаның ішін түгелдей бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе – түйіршікті ЭПТ, бекінбесе тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2. Рибосома – цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дән тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады.

3. Митохондрия (грекше «mіtos» – жіпше, «chondrіon» – дән) – барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дән тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар –май қышқылдарын синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. Ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарын ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4. Лизосома (грекше «lysіs» – еріту, «soma» – дене) – домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5. Гольджи жиынтығы – ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6. Жасуша орталығы – центриоль (латынша «centrum» – орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бір-бірінен екі полюске қарай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

 

   

Өсімдік жасушасы     Жануар жасушасы



Сұрақтар
  1. Жасушаның ішін түгелдей бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс:
  2. Жарғақшаға бекінген күйінде болатын нәруызды дән тәрізді ұсақ органоид:

  3. Пішіні таяқша, жіпше, дән тәрізді түзіліс:
  4. Май қышқылдарын синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым:
  5. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді:
  6. Жасушада қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады:

  7. Жасушаның бөлінуіне қатысады:

  8. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы:
  9. Жануарларда болмайтын құрылым:

  10. Майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысатын органоид:

Қате туралы хабарландыру