Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Гүлдің формуласы мен диаграммасы

Конспект

Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымдастарын қарастырғанда олардың гүлдерінің құрылыстарына ерекше мән беріледі. Сендер 6-сыныпта гүлдің құрылысымен және формуласымен таныстыңдар. Бірақ жабық тұқымдылардың әр түрлі тұқымдастарының гүлдерінің құрылысы әрқилы болады. Сондықтан тұқымдастарды өткенде олардың гүлдеріне талдау жасап, формуласын жазып, диаграммасын сызып отыру қажет. Гүлдің бөліктерін мынадай шартты таңбалармен: тостағаншасын – Т, күлтесін – К, аталығын – А, аналығын – Ж (жатын) әріптерімен белгілейді. Гүлдің әрбір мүшелерінің санын цифрлармен береді. Бірімен-бірі бірігіп кеткен тостағанша жапырақша – (5), жақшаға алынады. Бірікпеген күлте жақшасыз – 5. Біріккен күлте саны тостағаншадағыдай, жақшаға алынады. Гүлдің барлық бөлімдерінің біріккен түрлері түгелдей жақшаға алынып беріледі. Егер гүл жай гүлсерікті болса (тостағанша немесе күлтенің біреуі ғана болса) Гс – гүлсерік деп белгілейді. Немесе тек «К» (күлте) белгісі қойылады. Мысалы, 5 мүшелі бір-бірімен бірікпей жеке тұрған тостағаншаны – Т5, біріккен 5 мүшелі күлтені – К(5), аталықтары 12-ден көп болса, шексіздік белгісімен – А, екі біріккен аналықты – Ж(2) таңбаларымен және цифрлармен белгілейді.

 

Гүлдің формуласын жазғанда жатынның гүл табанына орналасуын сызықшамен (–) белгілейді. Сызықша аналықтың санын көрсететін цифрдың (үстіңгі жатын), астына ортаңғы деңгейіне (ортаңғы жатын) үстіне (астыңғы жатын) қойылады.

 

Аналықтың түп жағындағы жуан бөлімін жатын дейді. Енді үстіңгі, ортаңғы және астыңғы жатын дегенді талдайық. Егер аналық гүл табанының жалпақ бетіне орналасса, ол – үстіңгі жатын. Аналық гүлтабанының ортаңғы бөліміне дейін батыңқырай орналасса – ортаңғы жатын. Аналық гүлтабанына бойлай терең орналасса, астыңғы жатын делінеді.

 

Диаграмма дегеніміз гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп, сызбанұсқасын сызу.

 

Суреттегі жасыл нүкте – өсімдіктің сабағы. Ал 5 жасыл, қырлы жақша – шартты түрде бейнеленген гүл тостағаншалары. 5 қызғылт жай жақшалар – гүл күлтесі, төрт-төрттен бейнеленген нүктелі 5 топтамалар – аталықтар. Ал бесжұлдыз тәрізді, ортасында көп нүктесі бар белгі – гүл аналығы. Бұл әсіресе ашылмаған гүлден айқын сызылады.

Гүл диаграммасын сызу

 

Егер гүлдің диаграммасы сабаққа бекініп тұрған гүлден сызылса, онда өсімдік сабағы үлкен нүктемен беріледі. Нүкте диаграмманың үстіңгі жағына қойылады.



Сұрақтар
  1. Аналықтың түп жағындағы жуан бөлімі:

  2. Гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп, сызбанұсқасын сызу:
  3. Гүлді өсімдіктердің маңызды ерекшелігі:

  4. Діңінің жуандығы 10 метр шамасындағы өсімдік:
  5. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер:
  6. Гүлдің бөліктері мынадай шартты таңбаға жатпайды:

  7. Екі біріккен аналықты белгі:

  8. Аналық гүл табанына бойлай терең орналасса:

  9. Даражынысты аналық гүл:

  10. А͚  - таңбаны анықтаңыз:

Қате туралы хабарландыру