iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
III тарау. Мүктектес өсімдіктер
Мүктектестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар (39-сурет).
Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тастардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіптен терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатыдағы өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» дейді.
1-сурет.
Мүктердің сан алуандығы: 1 – көкек мүгі; 2 – бауыр мүк (моршанция); 3 – айырлы мүк
Мүктектестер – аласа болып келетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер.
Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін тақташа тәрізді құрылысы қарапайым мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселіп өседі.
Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары атқарады. «Ризоид» – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.
2-сурет.
Көкек мүгі және оның көбеюі: 1 – аналық өсімдік; 2 – аталық өсімдік; 3 – мүктің спора арқылы көбеюі; 4 – қақпағы ашылған қауашақ; 5 – спорангий; 6 – мүк жіпшесінің өркені
Көкек мүгі (жасыл мүк). Жасыл мүк «көкек зығыры» деп те аталады. Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Жасыл мүк жапырағы – сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі жасыл мүктің сабағы мен жапырағы болады. Сабағы мен жапырақтары болмайтын түрлері де кездеседі.
Жасыл мүк топырақтың бетін кілемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктерді ығыстырады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпаққа айналуына себепші болады.
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі – су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түсті. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігін су алып жатады. Әсіресе құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Шымтезек мүгі (сфагнум – латынша аты) атынан да белгілі сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзеді (1-сурет).
Шымтезек мүгі – сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы – оның ризоиды болмайды.
Шымтезек мүгі – бірүйлі, қосжынысты өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық жынысжасушалары сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында жетіледі. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялған. Аналық жынысжасушалары қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.
1 2 3
3-сурет.
1-Шымтезек мүгі; 2-қорапша ; 3- жапырақжасушаларының құрылысы
Шымтезек мүгі ылғалы мол жерлерде өседі. Мүктің суды тез сорып басқа мүшелеріне қарқынды өткізуі топырақтың батпақтануын тездетеді. Сабақтың қураған бөлігі оттек жетіспегендіктен, жартылай ғана ыдырап (шіріп), шымтезек қабатын құрайды. Мүктен бөлінетін ағзалық қышқылдар бактериялардың өсуін тежеп, шымтезектің ыдырауын баяулатады.
- Мүктерді зерттейтін ғылымды:
- Барлық мүктерде тамырдың қызметін атқарады:
- Жасыл мүктің екінші аты:
- Жасыл мүк:
- Жасыл мүк топыраққа:
-
Мүктер қай жерлерде кездеседі?
-
Жасыл мүктің көбеюі
-
Жасыл мүк мына өсімдіктер қатарына жатқызылады?
-
Мүктектестер түрлерінің саны жағынан мына топтардан кейін екінші орын алады?
-
Мүк сабағы астында қандай ұлпа орналасқан?
-
Мүктәрізді
-
Көкек мүгі споралары