iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IV тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары
Бір жылдық өсімдіктерден басқалары өсу мүшелері арқылы көбейіп, жаңа өскін береді. Көбею тәсілдері: І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею: а) тамырсабақ; ә) түйнек; б) пиязшық; в) мұртша. ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктерімен көбею (сабағы, жапырағы, тамыры). ІІІ. Телу арқылы көбею (бүршіктерінен, көзшелерінен телу).
І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею. Алаңдарды, гүлзарларды, мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында жыланқияқ (құртқашаш), інжугүлдердің тамырсабақтарынан көбейтеді. Тамырсабақты 2-3 бүршіктен қалдырып, бөліп топыраққа отырғызады. Жыл сайын гүлдеп, тамырсабақтары ұзарып өсіп, дами береді (1-сурет).
Тамырсабақты өсімдіктер алғашында 1-2 түп болып өссе, жылдан-жылға көбейе береді.
Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1-2-ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады.
Пиязшықтарымен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді.
Мұртшаларымен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады.
Пиязшықтары арқылы көбейту Тамырсабақ. жатаған бидайық
Картопты түйнек бөліктері Қойбүлдіргенді мұртшалары арқылы көбейту және көзшелерінен көбейту
1-сурет. Өсімдіктерді өсу мүшелерінен көбейту.
ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері (жас өркендері) арқылы көбейту.
Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т.б. өсімдіктер көбейеді (2-сурет). Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады.
Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20-30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.
Телу арқылы көбейту. Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру. Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды, іріктемелер шығаруға телу әдісін қолданады.
Суыққа төзімді жеміс алу үшін мәдени өсімдіктердің бүршігін жабайы өсімдікке телиді. Суыққа төзімділік қасиеті жемістерге беріледі. Телудің көбірек қолданылып жүргендері – жанастыра телу, кесінділеп телу, көзшелеп телу.
Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастырады. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.
Кесінділеп телу – бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.
Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды.
Сұлатпа өркендерден көбейту Традесканцияны жас өркендерден көбейту
Қарақатты өркендерінен көбейту
2-сурет. Өсімдіктерді өсу мүшелерінен көбейту
- Түйнек арқылы көбейетін өсімдік:
-
Пиязшықтарымен көбейетін өсімдік:
-
Мұртшаларымен көбейетін өсімдік:
- Жас өркендері арқылы көбейетін өсімдік:
- Қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастыру:
-
Тамыр қалемшесі арқылы көбейетін өсімдік
-
Өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып,екінші өсімдікке ұластыру
-
Сабағы, жапырағы, тамыры арқылы көбею өсімді мүшелерінен көбеюдің қай тәсіліне жатады:
-
Сәндік үшін сабақ өркенінен көбейетін көпжылдық өсімдік:
-
Өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру: