iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
I тарау. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
1. Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді. Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді. Атқаратын қызметіне байланысты өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушасының қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді сүзіліп екінші жасушаға өтеді.
Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі-талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады.
2. Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді.
Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады. Бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.
Бөлінетін заттардың біразы өсімдіктің ішінде қалса, біразы сыртқа шығарылады. Сондықтан олар ішке бөлетін және сыртқа шығаратын ұлпалар деп екіге бөлінеді.
Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның құрамында көмірсулар, майлар, нәруыздар бар.
-
Қоректік заттар мен су қозғалатын ұлпа
-
Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп
-
Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда
-
Керексіз қалдық заттарды сыртқа шығаратын ұлпа
-
Ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық
-
Шірнеліктерден бөлінетін шірне қандай қызмет атқарады?
-
Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырып тұратын ұлпа
-
Бөліп шығарушы ұлпа керексіз қалдық заттарды бөліп шығарумен қатар, қандай қызмет атқарады?
-
Эфир майын бөліп шығаратын қасиеті бар бөліп шығарушы ұлпаның құрылымдары
-
Тамыр нені топырақтан сорып алып, жерүсті мүшелеріне жеткізеді?