Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

II тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі

Конспект

 

Алдыңғы өтілген тақырыптан өсімдік жасушалары бөлініп қана қоймай, ұлпа түзетінімен танысқан едік. Сол ұлпалардан өсімдік мүшелері құралады.

 

Мүше – өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады.

 

Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) болып 2-ге бөлінеді. Өсімді мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

 

Өсімді мүшелер

Қоршаған орта жағдайларының әсеріне байланысты ұзақ жылдар бойы өсімдіктер біртіндеп жеке-жеке мүшелерге жіктелді. Өсімді мүшелер тек гүлді өсімдіктерде жақсы дамыған.

 

Өсімді мүшелер екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ, жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр). Олар өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.

 

 

Тамыр және тамыр жүйесі

 

Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі (1-сурет). Қызметі: а) тамыр – топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; ә) өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; б) қоректік заттарды қорға жинайды (сәбіз, қызылша, шалқан, шомыр және т. б.); в) көбеюге қатысады. Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.

 

Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.

1-сурет. Тамыр типтері.

1. Негізгі тамыр. 2. Жанама тамыр. 3. Қосалқы тамыр. 4. Сабақ.

 

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

 

Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді (2-сурет).

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы: асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа және т. б.).

 

Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа қарағанда тез ұзарады. Себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура келеді.

 

Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың бірі – тірек, екіншісі – өсу, үшіншісі сору сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Ол сабақ сияқты ұшынан шектеусіз өсе береді.

        

          

Бақбақ Жолжелкен Кіндік тамыр Шашақ тамыр

 

2-сурет. Тамыр жүйелері: 1) кіндік тамыр; 2) шашақ тамыр.

 



Сұрақтар
  1. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

  2. Өсімді мүшелер тек:
  3. Мүше

  4. Өсімді мүшелер

  5. Өсімдіктің өсімді мүшелері

  6. Тамыр

  7. Тамыр қызметі

  8. Өсімдіктің жерасты мүшесі

  9. Негізгі тамыр

  10. Қоректік заттарды қорға жинайтын өсімдіктер

  11. Тамыр жүйесі

  12. ... негізгі тамыр болмайды

  13. Шашақ тамыр жүйесінде

  14. Өсімдіктердің вегетативті мүшесі

Қате туралы хабарландыру