Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Табиғи сұрыпталу – эволюциясының қозғаушы және бағыттаушы күші. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлармен күрес

Конспект

Табиғи сұрыпталу эволюцияның келесі факторы, ол табиғатта үздіксіз жүріп жататын әрекет. Табиғи сұрыпталу орасан ұзақ уақыт аралығында тұқым қуалайтын өзгергіштік берген шексіз көп материалдардың алуан түрлі өзгеріс, ауытқуларынан тіршілік ортасына сай түрлерін ғана қалдырып, қалғандарын жоя отырып, анағұрлым жетілдірілген жаңа бейімділіктер мен қасиеттерді жарыққа шығарады. Бейімделушілік дегеніміз ағзалардың нақтылы орта жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы. Бейімделушілік табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

 

Дарвин тіршілік үшін күресті даралардың сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым – қатынасы деп түсіндірді. Түр ішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Түр ареалына біркелкі таралмай популяция түрінде ойдым ойдым таралады. Бір популяциядағы дараларға біркелкі қорек заттары, жалпы мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, жылу) қажет. Осы жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты популяция даралары бір бірінен шиеленісіне күреске түседі.

 

Көптеген жануарлар тіршілігінде өз популяциясындағы даралар арасында қақтығысты болдырмауға жәрдемдесетін бірқатар бейімдіктер де болады. Мысалы аю, құндыз, қасқыр өздерінің азықтық үлескілерінің шекарасын белгілеп қояды, ал басқа жануарлар бөтен үлескінің шекарасын бұзбауға тырысады.Түр аралық күрес әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Бір туысқа жататын түрлер ұқсас экологиялық жағдайда тіршілік етсе, онда түр аралық күрес шиеленіскен күйде жүреді.

 

Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес. Эволюция барысында ағзаларда әртүрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады.

 

Түраралық күрес - бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. «Жыртқыш - олжа», яғни «қоян - қасқыр» немесе «мысық - тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Бұған «паразит - ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы, саваннадағы киіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда (мысалы, қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар (мысалы, жоңышқа және жатаған бидайық) бәсекелеседі.

 

Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлармен күрес.

Модификациялық өзгергіштік жаңа жағдайға тап болған организмдердің барлық түрінде болады, бірақ ол тұқым қуаламайды. Оның себебі жаңа жағдайларға тап болған ұрпақтар ғана өзгереді және мұндай ұрпақтарда бейімделушілік қасиеті қалыптасады. Өзгергіштік - тірі организмдердің жалпы қасиеті. Организмдердің тікелей сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеруі - модификациялық, ал ген мен хромосоманың өзгеруі мутациялық өзгергіштік деп аталады.

 

Мутация - генотиптің өзгеруіне байланысты болатын жеке организмдердегі өзгергіштік. Сондықтан ол тұқым қуалайды әрі бейімделушілік қасиеті болмайды. Табиғи сұрыпталу табиғатта ғасырлар бойы үздіксіз жүреді. Табиғаттың жағдайына бейімделе алған организмдерде жаңа белгілер пайда болады. Организм мен орта арасында өзара бірлестік қалыптасады. Ч. Дарвин табиғи сұрыпталуға "табиғатта бір даралардың жойылуы, екінші даралардың орта жағдайына бейімделіп, көбейіп ұрпақ қалдыруы" деген анықтама берді.



Сұрақтар
  1. Ағзалардың  нақтылы орта жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы:
  2. Бір түрге жататын даралар арасында жүретін күрес:
  3. Әр  түрге жататын даралар арасында жүретін күрес:
  4. Әр  алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес:
  5. Ген мен хромосоманың өзгеруі:
  6. Генотиптің  өзгеруіне байланысты болатын жеке организмдердегі өзгергіштік:
  7. Дарвиннің ойы бойынша, тіршілік үшін күрестің ең бастысы:

  8. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік:

  9. Тіршілік үшін күрес ұғымын анықтаған ғалым:

  10. Паразитті жағдайдағы бәсекелестіктің үлгісін табыңыз:

  11. Саусаққанатты латимерия балығының осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етуі

Қате туралы хабарландыру