iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІ тарау. Қолдан сұрыптаудың түрлері
Ч.Дарвиннің қолдан сұрыпталудың әдістемелік және санасыз (мақсатсыз) сұрыптау деген 2 түрін айқындап берді.
1. Әдістемелік сұрыптау. Ертедегі гректер мен римдіктер жылқы, ит және басқа үй жануарларының таза қанды түрлерін өсіруге үлкен мән берген. Бұл әдіс XIX ғасырда Англияда кеңінен қолданылған. XIX ғасырдың ортасында Ч.Дарвин сұрыпталу нәтижелерін қорытындылағанда әдістемелік сұрыптауды үй жануарлары мен мәдени өсімдіктерге қолдануға болатындығын дәлелдеді. Әдістемелік сұрыптауда селекционер жаңа түрдің қай белгілерін дамыту қажет екендігі жайында өзінің алдына нақтылы міндет қояды. Ең алдымен, ол белгілер шаруашылық жөнінен құнды, бағалы болуы тиіс. Егер жылқының желгіштігі немесе сиырдың сүттілігі сияқты белгілер қажет болса, соған сәйкес мүшелерді жаттықтыру қамын жасайды.
Сөйтіп, әдістемелік сұрыптау – әрқашан жаңа қолтұқымдар мен іріктемелер жасайтын шығармашылық процесс. Осы әдісті қолдана отырып, селекционер мүсінші сияқты, алдын ала ойлаған жоспары бойынша жаңа формалар жасап шығарады. Қолдан сұрыптаудың нәтижелі болуына алғашқы алынатын организмнің өзгергіштігі, көптеген септігін тигізеді. Әдістемелік сұрыптауда аз ғана даралармен тәжірибе жүргізуге болмайды. Өсімдіктер мен жануарлардың іріктемелері және қолтұқымдары әдістемелік сұрыптаудың нәтижесі болып саналады.
2. Санасыз (мақсатсыз) сұрыптауда адам ешқандай мақсатсыз жақсыларын сақтап, арықтарына, ет пен сүтті аз беретіндеріне мән бермейді. Жабайы адамдар өсімдіктің тұқымдарының ұсақтарын алмай, ірілерін ғана терген. Біртіндеп әлгі ірі тұқымдарды тұрған жерлеріне себе бастаған. Басқа жерге қарағанда үй айналасындағы топырақ малдың қиы, түрлі қоқыстармен құнарланғандықтан, онда өсімдіктер жақсы өсіп, ірі тұқым берген. Оларды іріктеп жыл сайын сеуіп, жаңартып отыруы мәдени іріктеменің шығуына себеп болған. Санасыз (мақсатсыз) сұрыптау қазірге дейін жүргізіліп келеді.
Ч.Дарвин дүниежүзілік саяхат кезінде Оңтүстік Америка мен Австрия халықтарының тіршілік жағдайын зерттегенде, олардың санасыз сұрыптауды қолданатындарын байқаған. Жабайы жануарларды қолға үйреткенде де санасыз сұрыптауды қолданған. Сонымен қолдан сұрыптаудың нәтижесінде, жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктер іріктемелері ғана шығарылады.
Қолдан сұрыптау жер жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлері алғашында қанша болса, сол күйінде өзгеріссіз қалады деген теріс пікірді жоққа шығарады. Оған дәлел: қант қызылшасының іріктемелері көп-ақ. Оның жабайы тегінің қанттылығы 6% болған. 1838 жылы алғаш сұрыптауда қанттылығы 9%; 1858 жылы - 10% ; 1898 жылы - 15% ;1908 жылы -18%-ға жеткен. Осы күнгі қызылшаның қанттылығы - 25%-да асады. Жануарларда сиырлардың жабайы тегі жылына 600 – 700 л сүт берсе, жаңа қолтұқымдарынан 10000 литрге дейін сүт сауылады.
Қорытынды. Қолдан сұрыпталудың ерекшелігі:
а) сұрыптаушы (селекционер): малдың еттілігін, сүттілігін арттыру; тауықтың етті, жұмыртқалағыш қолтұқымдарын шығару; өсімдіктердің дәмді, ірі, суыққа, зиянкестерге төзімді іріктемелерін шығару; Өзіне қажетті деп тапқан белгілерін өзгерту үшін жоспар бойынша сұрыптау жұмыстарын жүргізеді;
ә) қолдан сұрыптау егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған соң қолға алынады. Оған дейін қолдан сұрыптау болмаған;
б) қолдан сұрыптауда жаңа іріктемелер, қолтұқымдар, штамдар алынады;
в) жаңадан пайда болған белгілер организмге зиянды, себебі жаңа қолтұқым табиғи жағдайда дәрменсіз.
- Пайдалы белгілері мен қасиеттері бар дараларды сақтап, жаңа іріктемелер шығару.
- Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхатқа шыққан жылы:
- Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» деген еңбегінің жарыққа шыққан жылы:
- Адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келген сұрыптау:
- Дарвиннің дүниежүзілік саяхаты кезінде өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырған арал.
- Алдына мақсат қоймай, жоспарсыз жануарлар мен өсімдіктердің жақсы түсім беретін дараларын сақтап қалу:
- Алдына белгілі, бір пайдалы белгілері мен қасиеттері бар тұқым және іріктеме шығаруды мақсат ету.
-
Ч.Дарвин Оңтүстік Америка мен Австрия халықтарының тіршілік жағдайын зерттегенде, қандай сұрыптауды қолданатынын байқады?
-
Ч.Дарвин қолдан сұрыптаудың қандай түрлерін айқындады?
-
ХІХ ғасырда әдістемелік сұрыптау қай елде кеңінен қолданылды?
-
Ч. Дарвин қолдан сұрыптаудың түрлері… деп атады