Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Бейімделушілік - эволюция факторының өзара әрекетінің нәтижесі

Конспект

Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес. Эволюция барысында ағзаларда әртүрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады.

 

Бүркеніш рең – ағзалардың жауыннан қорғануына байланысты дамыған. Көптеген бунақденелілердің өкілдерінің қанаттарының, денесінің түрлі-түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын.

 

Жасырушы рең. Бейімделушіліктің бұл түрінде жануарлардың дене пішіні мен реңі айналадағы заттарға сәйкес келеді. Мысалы тропикалық орманда тіршілік ететін жыландарды онда өскен лиана өсімдігінен ажырату мүмкін емес.

 

Сақтандырушы рең. Бұл рең - көбінесе улы және шағатын жәндіктерге, бауырымен жорғалаушыларға тән белгі. Сона мен аралар әр түрлі жолақты реңіне байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың қанында улы немесе жағымсыз иісті зат болатындықтан, жаулары жемейді.

 

Қорғаныш рең (мимикрия). Өздігінен қорғана алмайтын жәндіктердің пішіні, реңі, мінез қылығы тұрғысынан улы, шағатын қауіпті жәндіктерге немесе қоршаған заттарға ұқсастығы. Бейімделушілік салыстырмалы сипатта болады, табиғатта тіршілік жағдайларына абсолютті бейімделген формалар жоқ. Кез келген бейімделу ағзаның тірі қалуына тек арнайы орта жағдайларына ғана жәрдемдесе алады. Егер тіршілік жағдайлары өзгерсе, бейімділік белгілері пайдасыз болып қалады. Бейімділіктің салыстырмалы сипатта болуына жануарлардағы көптеген рудименттер мен атавизм белгілері дәлел бола алады. Кейбір құстардың қанаттары рудимент түрінде сақталып, ұшу қызметін атқармайды (жаңа Зеландияны мекендейтін киви құсы мысал бола алады). Құрлыққа бейімделген тау қазының саусақтарының арасында жүзу жарғағының болуы, адамдар мен маймылдарда үшінші қабақтың сақталуы. Сөйтіп эволюция үрдісінің нәтижесінде ағзалар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделеді, және ол салыстырмалы түрде болады.



Сұрақтар
  1. Эволюция барысында ағзаларда әртүрлі қолайсыз жағдайларда өз ұрпақтарын қалдыруға бейімділік белгілердің қалыптасуы:

  2. Ағзалардың  жауыннан қорғануына байланысты дамыған рең:
  3. Жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы заттарға сәйкес келуі:
  4. Көбінесе  улы,  шағатын жәндіктерге,  бауырымен жорғалаушыларға тән белгі:

  5. Көбінесе  улы,  шағатын жәндіктерге,  бауырымен жорғалаушыларға тән белгі:

  6. Сақтандырушы реңге төмендегілердің қайсысының бейімделулері жатады?

  7. Әсіресе организмдердің көбеюі кезінде пайдалы рең:

  8. Қауіп төнгенде жануарлардың айбар шегіп, денесін әр түрлі пішінге келтіруі:

  9. Организмдерде түрлі бейімделулердің пайда болуының себебі не?

  10. Төмендегілердің қайсысы бүркеніш реңге жатпайды:

Қате туралы хабарландыру