iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
II тарау. Популяция – түрлік деңгей – эволюцияның бастапқы кезеңі
Популяция туралы түсінік. Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір - бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
Түр деп тұқым қуалауды морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен еркін шағылыса алатын және жалпы таралу аймағы – ареалы бар популяциялар жүйесін құрайтын даралар жиынтығын айтады. Бір түрден екінші түр көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді. Түрге тән белгілер мен қасиеттер критерий деп аталады. Түрдің бірнеше критерийлері болады.
Морфологиялық критерий. Бұл критерий бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ұқсастығына негізделген. Бірақ түр ішіндегі даралар кейде үлкен өзгерістерге ұшырауы мүмкін, сондықтан да түрді тек қана бір морфологиялық критерий арқылы анықтауға болмайды. Табиғатта бір-бірінен оқшауланған, өзара шағылыспайтын түрлер морфологиялық жағынан ұқсас болып келеді. Бұлар – түр қосарлары.
Физиологиялық критерий – бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің ұқсастығына негізделген. Әр түрлердің өкілдері әдетте будандаспайды немесе ұрпағы бедеу болады. Түрлердің будандаспауы жыныс мүшелері құрылысының, көбею мерзімдерінің әртүрлілігіне байланысты. Алайда табиғатта будандасып, өнімді ұрпақ беретін де түрлер бар (канарейкалардың, қалтырауық шымшықтардың, терек пен талдардың кейбір түрлері). Демек, даралардың түрге жататынын анықтау үшін физиологиялық критерий жеткіліксіз.
Генетикалық критерий. Түрлердің әрқайсысына тән хромосомалар жиынтығы, олардың саны, мөлшері және пішіні болады. Бұл түрдің басты белгісі. әр түрге жататын даралардың хромосомалар жиынтығы түрліше болғандықтан олар өзара будандаспай, табиғи жағдайда бірінен – бірі оқшауланады. Адамдарда хромосомалар саны – 46, шимпанзеде – 48,жеміс шыбынында – 8, үй шыбынында – 12, алабұғада – 12, итте – 78, көгершінде – 80, қойда – 54.
Экологиялық критерий. Түр нақтылы бір ареал мекендей отырып, өздерінің тірі және өлі табиғат жағдайларымен тығыз байланыста болады. Мысалы, улы сарғалдақ шабындықтар мен егістіктерде таралған; сұлама сарғалдақ ылғалы мол жерлерде өседі; күйдіргі сарғалдақты өзен мен тоспалар жағасынан, батпақты жерлерден кездестіруге болады.
- Тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы:
- Бір-бірімен еркін шағылыса алатын және жалпы таралу аймағы – ареалы бар популяциялар жүйесін құрайтын даралар жиынтығы:
- Бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ұқсастығына негізделген критерий:
- Бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің ұқсастығына негізделген критерий:
- Түрлердің әрқайсысына тән хромосомалар жиынтығы:
- Әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайтын критерий:
-
Бір түрдің зат алмасу, көбею, тітіркенуін сипаттайтын критерий:
-
Түр түзілу – ненің нәтижесі?
-
«Түр өзгермейді, әуел баста қанша болса, сол күйінде қалады» деген қате болжамды қай ғалым айтқан?
-
Түр» деген ұғымды ғылымға енгізген: