Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Макроэволюция. Палентологиялық дәлелдемелер. Филогенетикалық қатарлар

Конспект

Макроэволюция (макро және эволюция) - түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю.А. Филипченко енгізген (1927). Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайы механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады.

 

Палеонтология – ағзалардың қазбадан табылған қалдықтарын зерттейтін ғылым. Жер бетінен ... жойылып кеткен яғни қазбадан табылған жануарлардың сыртқы көрінісін қалпына келтіру арқылы олардың құрылысының кәзіргі жануарлармен ұқсастығы және айырмашылығы палеонтологиялық әдістермен анықталады. Мысалы ертедегі геологиялық қабаттардан тек омыртқасыздар типтерінің қалдықтары ғана табылса, кейініректегі қабаттардан – желілер типіне жататын өкілдердің қалдықтары, ал ең жасырақ қабаттарда кәзіргі заманғы түрлерге ұқсас жануарлардың қалдықтары сақталған. Палеонтологтар қазба қалдықтар бойынша құрып кеткен ағзалардың сыртқы көрінісі мен құрылысын тіршілік еткен кезіндегідей етіп қалпына келтіріп, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы біле алды.

 

Биогеография - жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Планетаның жеке бөліктері неғұрлым ерте оқшауланса, сол территорияны мекендейтін ағзалардың да айырмашылығы көбірек байқалады.

 

Тірі табиғаттың тарихи дамуы қарапайымнан күрделіге қарай, төменгі сатылы формалардан жоғары сатыға қарай яғни прогрессивті жолмен жүрді. Сонымен қатар эволюция әрекеті ағзаларды қоршаған орта жағдайларына бейімдеу арқылы жүрді. Тіршілік жағдайының өзгерісі бір бейімділіктің екінші бейімділікпен алмасуын тудырады.

 

Эмбриология – ағзалардың ұрықтық дамуын зерттейтін ғылым. Салыстырмалы эмбриологиялық зерттеулер барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтарының даму кездерінде болатын ұқсастықтарды дәлелдеді. Ағзалардың басым көпшілігі ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Ұрықтың даму кезінде олар келесі сатыларды басып өтеді: зигота, бөлшектену, бластула, гаструла, үш қабатты ұрық, желінің, жүйке түтігінің, асқорыту түтігінің қалыптасуын (барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтары даму кезінде осы сатылар арқылы қалыптасады).

 

Эмбриологияның негізін қалаушы К.М. Бэр 1859 жылы эволюциялық мағынада интерпретация жасауға болатын пiкiрлер айтты. К.М. Бэрдiң негiзгi еңбектерi «Жануарлар дамуы туралы», «Байқаулар мен пiкiрлер». К.М.Бэр «Жануарлардың жоғарғы түрлерiнiң эмбрионы төменгi жануарларға ешқашан ұқсамайды, тек бұл түрлердiң ұрығына ғана ұқсас болады» – деп жазды. Бэр эмбриогенездiң алғашқы кезеңiнде жануарлардың үлкен тобына (типке) тән жалпы белгiлер, ал кейiнгi кезеңдерiнде маманданған белгiлер (класс, отряд, тұқымдас, туыс және түр) көрiнедi деп жазды. Даму құрылымның бiртiндеп өзгеру, бiрқалыпты кезеңнiң күрделi, гетерогендiге өту жолымен жүредi. Ұрықтың даму мөлшерiне байланысты белгiлердiң ажырауын эмбриональдi дивергенция деп атайды. Эмбриология – организмдердiң ұрықтық дамуы туралы iлiм. Эмбриологиялық мәлiметтердi теориялық зерттеу тарихы Дарвиннiң қызметiнiң басталуынан, тiптi Ламарктың «Зоология философиясы» еңбегiнiң жарық көруiнен бұрын басталды. Авторлардың көпшiлiгi әртүрлi түрлердiң эмбрионды дамуының ұқсастығына немесе төменгi сатыдағы түрлер эмбрионының кезеңдерiнде жоғары сатыдағы түрлердiң кезеңдерiн қайталануына көңiл бөлдi. Мысалдар:Сүтқоректiлер, құстар, кесiрткелер, жыландар, амфибиялар мен балықтар ұрығы бiрiншi кезеңдерiнде бiр-бiрiне сыртқы құрылысы және жеке мүшелер дамуы бойынша ұқсас болады. Құстар мен сүтқоректiлер ұрығында табылған желбезек саңылаулары, ұрықтың дорзальдi хордасы, басты, денелi және жамбас бүйректерiнiң тiзбектелiп ауысуы, жыныс мүшелерi дамуының тарихы және басқа да фактiлер жануарлардың эволюциялық дамуы жоғарғы топтардың эмбрионды дамуының ежелгi тарихын көрсететiнiн дәлелдейдi. Эволюциялық өзгерiстер онтогенездiң барлық кезеңдерiн қамтуы мүмкiн, яғни тек ересек организмдерде өзгерiс туғызып қоймай, тiптi эмбрионда дамуының алғашқы кезеңiнде де өзгерiс туғызуы мүмкiн. 1964-1966 жылы Э.Геккель мен Ф.Мюллер биогенетикалық заңды ашты: “Кез келген организмнiң жеке дамуы (онтогенез) сол организм жататын түрдiң тарихи дамуының (филогенез) жолын қысқаша қайталайды”.



Сұрақтар
  1. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға енгізген орыс ғалымы:
  2. Ағзалардың  қазбадан табылған қалдықтарын  зерттейтін ғылым:

  3. Ертеде тіршілік етіп, кейін жоғалып кеткен организмдердің қаңқа қалдықтарын зерттейтін ғылым:

  4. Жануарлар  мен өсімдіктер дүниесінің жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласын ата:

  5. Ірі жүйелік топтардың пайда болу процесін білдіреді:

  6. Ағзалардың  ұрықтық дамуын зерттейтін ғылым саласы:

  7. Эмбриологияның негiзiн қалаушы ғалым:
  8. Бірін-бірі біртіндеп алмастырып дами отырып, эволюциялық процестің болғанын көрсетеді:

  9. Осы күнгі тұяқтылар осыдан неше млн жыл бұрын шыққан?

  10. Ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-інші және 4-башпайлары өте қысқа болған жылқы түрі:

  11. Эогиппуске тән

  12. Осы заманғы жылқы

  13. Эогиппуске тән

  14. Миогиппуске тән белгі (-лер)

  15. Меригиппуске тән

Қате туралы хабарландыру