iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
VI тарау. Модификациялық өзгергіштік
Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін модификациялық өгергіштік деп атайды. Өзгергіштіктің екі түрі бар. Олар:
а) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік. Бұған модификациялық өзгергіштік жатады; ә) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады. Модификациялық өзгергіштік генотипінің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан ол тұқым қуаламайды.
Модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеледі. Статистикалық әдісті қолданудың негізінде белгілердің өзгеру шамасы пайызбен анықталады. Оны вариация коэффициенті деп атайды.Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды.
Модификациялық өзгергіштік деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен организмнің ортаға бейімделіп, фенотипінің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т.б. жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің жеке дамуы барысында морфологиялық, физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіні байқалады.
Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор - генотип. Бірақ белгілердің көріну дәрежесі сыртқы орта факторларына байланысты. Бір организмнің түрлі белгілерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру дәрежесі де әр түрлі болады. Солтүстік облыста тұратын адамдар еліміздің оңтүстігіндегі демалыс орындарына барып тынығып, күнге қыздырынады. Тынығушылардың терісінің түсі қою қоңыр, екіншісінікі - қола түсті қоңыр, үшіншісінікі - қызарып қана қояды. Бұл адам генотипінің меланин пигментін қанша мөлшерде синтездеуіне байланысты екеніне және организм белгілерінің қалыптасуына гендер мен сыртқы орта факторларының ортақ әсерінен болатынын көрсетеді.
- Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипі жағынан әр түрлі болып өзгеруін:
- Модификациялық өзгергіштікті зерттейтін әдіс:
- Гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен организмнің ортаға бейімделіп, фенотипінің өзгеруі:
- Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор:
-
Ағзаның онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы?
-
Модификациялық өзгергіштік қандай әдіспен зерттелінеді?
-
Генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштікті атаңыз?
-
Фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштікті атаңыз?
-
Модификациялық өзгергіштіктің белгі-қасиеттердің өзгеру шамасы не арқылы анықталады?
-
Вариация коэффиценті қандай әріппен белгіленеді?